Білімдерін тексеруге арналған бақылау сұрақтары:
1.Теориялық ыңғайларды шолу: Ф. Боас, Л. Уайт, З. Фрейд, К. Леви-Стросс, К. Маркс, Э. Тайлор, О. Шпенглер, А. Тойнби, Л. Гумилев, П. Сорокин, С. Хантингтон және т.б.
2.Ғылыми пән ретіндегі мәдениеттану тарихы: теориялық ыңғайлар генезисі, іргелі және қолданбалы мәдениеттану, мәдениетті зерттеудің пәнаралық сипаты, мәдениет философиясы, теориясы мен әлеуметтануы, мәдени және әлеуметтік антропология, мәдениет тарихы.
3.Мәдениет морфологиясы: мәдениеттің кеңістігі мен уақыты, мәдениеттің негізгі бөлшектері мен паттерндері.
4.Архаикалық мәдениеттің негізгі өлшемдері мен отырықшы және көшпелі мәдениеттер арасындағы бөлінгіштік (дихотомиялар).
5.Материалдық және рухани мәдениет. Мәдени формалар мен артефактілердің олардың әлеуметтік, тарихи, географиялық бөлінуіне қарай өзгеруі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мәдениеттану Оқу құралы. А.2012 Ғабитов Т.Х.
2.Мәдениеттану негіздері. Габитов Т. Х.Мүтәліпов Ж.: А., Эверо. 2001
3. Мәдениеттану және дінтану негіздері. Б.Б.Алпейсов. Костанай 2015
4.Мәдениеттану. Төкенов О.С, А.НурПринт.2017
Достарыңызбен бөлісу: |