Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері, проблемалары Нарықты экономиканың қалыптасуы меншік қатынастарын өзгертудің заңды қажеттілігін туындатты. Бұл мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процестері арқылы жүргізілді.
Мемлекет иелігінен алу- бұл мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей әкімшіл- әміршілдік жүйеден нарықтық жүйеге көшіру.
Жекешелендіру- жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі объектілерді сату немесе тегін беру.
Сонымен қатар, ұлттандыру шаруашылықтың негізгі нысандарын жеке меншіктен мемлекет меншігіне көшірілуі. Денационализация- ұлттандырылған мүліктерді бұрынғы иелеріне қайтаруды білдіреді.
ҚР-да мемлекеттік меншік объектілерін мемлекеттен иелігінен алу мен жекелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады:
а) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру;
ә) жалға берілген мемлеметтік кәсіпорын мүлігін сатып алу;
б) мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беру;
в) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам немесе серіктестік ретінде құру;
г) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы;
д) мүліктері мемлекеттік меншікке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорынның мүлігін заңды тұлға және жеке адамдарға конкурс және аукцион арқылы сату.