Тақырып:Мінез
Дәрістің мақсаты:
мінездің сипаты мен типологиясы туралы студенттерде ұғым қалыптастыру.
Міндеттері:
Дәріс жоспары:
1. Мінез туралы жалпы ұғым.
2. Мінез типологиясы (А.Е.Личко, К.Леонгард, П.В.Ганушкин, Э.Фромм және т.б.)
3. Мінез акцентуациясы.
4. Оқушылар мінезінің қалыптасу заңдылықтары
Тірек сөздер: мінез, мінез акцентуациасы, типология, характерология
Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. “Мінез” деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің “charakter” деген сөзінен шыққан. Мағынасы – із қалдыру, таңба адамның белгілі бір жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысын, сонымен қатар адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді
Мінез туралы оқу, яғни, характериология адамның әртүрлі ситуацияларында адамның тәртібін анықтайды. Мінез ерекшеліктері – адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған ертедегі грек философы Теофраст (б. з. д. IV-III ғғ). Бірақ, ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Сонымен қатар адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің «Этические характеры» трактаты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter – қасиет, сапа) терминін енгізген.
Мінезді зерттеудегі теориялық және эксперименталды бағыттар
Мінезді зерттеу бұдан бірнеше жылдар бойы басталған болатын. Мінезді зерттеу дамуының ұзақ тарихы бар.
Лабрюйер де «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді адамның әлеуметтік адамгершілік ерекшеліктері жағынан қарастырған. Бірақ бұл темпераментке кері анықтама. Өйткені темперамент – адамда туа пайда болатын генотипі ағза қасиеті. Осы қарасқа орай, мінез адамның туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі.
ІХ ғасырда француз ғалымы Александр Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшелігінің қасиеті деп санады.
Француз психологы Теодюль Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс дәрігері және педагогы П.Ф.Лесгафт ерік қасиеті деді.
И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамның жүре пайда болатын қасиеті деді, сондай-ақ ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктері мен жүре пайда болатын бөліп көрсетті.
Ал Малапер Фуле т.б мінездің туа пайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері бар деді.
Француз жазушысы Жан Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған.
А.лександр Федерович Лазурский алғаш рет мінездің психоәлеументтік классификациясын ұсынуды ұйғарды. Онда адамдардың тек субъективті ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қоса оның дүниетанымымен әлеументтік аспектісінде қосады
20-ғасырдың аяғында мінез жайлы екі қызықты жұмыс пайда болды. Ф. Джорданоның «мінез адамның гениологиясының және денесінің көзқарасымен» кітабы және Ф. Полонның «мінез психологиясы» кітабы. Джардано экстровертпен-интровертті сипаттаған. Ф.Полон мінез құрылысы адамның ынталануынан анықталады және олар қатаң заңмен толықтырылыды деген.
1.Қарама-қарсы екі ынтаның бірін-бірі жүйелі түрде толықтыру қабілетінің заңы.
2.Жүйелі ассоциация заңы бір ынтаның келесі бір ынтаны іс-әрекетке шақыруы бір-біріне тәуелді.
20-ғасырдың басында Н. Лосский өз классификациясында мінезде ынта басым және ерік-жігер деңгейіне тәуелсіз деп ұсынады. Ол адамдарды сезімтал, дарашыл, артық тұлға деп түрге бөлген.
Николай Дмитриевич Левитов бағыттылыққа негізделген тұлғаның психологиялық құрылымы деп қарастырған. Мінез-тұлғаның маңызды және қоғамдық мағыналы компонентті бағыттылықтың пайда болуындағы мінез-құлықтың әлемдік көзқарасы. Егер тұлға индивидуалды тәртіпке бейнеленген мәдениетті бейнелесе, онда мінез индивидуалды тәртіпте бейнеленген дүниетанымды көрсетеді.
Индивидуалды мінездер түрін қорыта отырып психоаналитик З. Фрейд тұрақты белгілері өзгермейтін бастапқы импульсті беретін немесе білім беретін белгілерден негізгі мінезді қалыптастырытын формула шығаруға болатындығын дәлелдей отырып мінез құрылысы жайлы ойды пастулаттандырды.
Психоаналитик бағытында қазірде мінезді анықтаудың бірнеше түрі бар.
Абрахам мінез адамның ырықты импульсі мен берілетін бағыттылық ретінде анықталады және әлеументтік ортаға байланысты адамның реакцияларының жиынтығы деп қарастырған.
Ал Фенихел сыртқы әлемге «мен», «ол», «мен күшті» деген әдеттенген қаруланған және де осы әдістердің түрлі ұйымдасуы мінезді береді деген.
Мінез құрылымын Бингхлоу негізгі әлеументік топтың құндылығына адекватты әсер ету үшін қаруланған әрбір адамның ішкі эмоциясымен қажеттілік өндірісі ретінде берілуі мүмкін деген ой қозғаған.
Ал А.Лоуен мінезді потологиялық жағдаймен шектеуді ұсынған. Және де ол адамда түрлі мінез-құлық болмағанда денсаулығы жақсы деген. Бұл шындығында жағдайдың талапқа рационалды бейімделіп өзін спонтанды ұстауын көрсетеді.
Мінез құрамына адамның бәрі жатпайды деген П.А.Рудика мысалы: қабылдау, ес, зейін, фантазия, сезім, немесе қабілет, қызығушылығы, темперамент бұл психологиялық процестердің барлығы белгілі мөлшерде мінездің құрылымына әсер етуі мүмкін деп ұйғарған.
М.Е.Бурно «Адамның мінезі жайлы» деген кітабында мінезді былай сипаттаған. Адам мінезі – бұл оның ішкі адамгершілігік табиғатының қайталанбас ерекшелі ол нәрестелік шақтан бастап табиғат заңдылығымен дамиды. Осылайша, нақты адамның мінезі оның жандық – денелік индивидуалдылығы болып табылады. Бурно адамның мінезін оның денелік ерекшкелігінсіз қабылдауға қабілетсізбін деген
Достарыңызбен бөлісу: |