Тақырып: Неврологияға кіріспе. Жүйке жүйесінің функционалды анатомиясы және физиологиясы



бет4/11
Дата01.02.2022
өлшемі45,31 Kb.
#130384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
63bd2e66-aae3-4d96-8171-b21789849bff

Сопақша ми – жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Оның ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7 г. Ол екі түрлі қызмет атқарады: рефлекторлық және өткізгіштік. Сопақша мида тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, сілекей шығару, қарын және қарын асты бездерінің сөлдерін шығаратын нерв орталықтары орналасқан және ІХ-ХІІ ми нервтерінің ядролары орналасқан.

Вароли көпірі — сопақша мидың үстінде орналасқан. Оның ұзыңдығы 2,5 см. Ол үстіңгі жағыңда ортаңғы мимен, бүйір жақтарында мишықпен шектеседі. Сопақша ми мен вароли көпірін артқы ми деп те атайды. Мұның қызметі де сопақша ми тәрізді: рефлекторлық және өткізгіштік қызметтерін атқарады. Көпірден 5-6 ми нервтері шығады және көпір мен сопақша мидың арасынан VII, VIII ми нервтері шығады. Жаңа туған нәрестенің сопақша миы мен көпірінің жалпы салмағы 8 гр. 7 жасқа келгенде артқы мидың дамуы аяқталуға жақындайды.

Сопақша мидың арт жағында м и ш ы қ орналасқан. Мишық 3 бөлімнен тұрады: мишықтың сырты деп аталатын ортаңғы белім жене мишықтың екі жарты шарлары. Мишықтың жарты шарларының үстіңгі сыртқы қабаты сұр затты мишықтың қыртысынан тұрады, оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Мишықтың қыртысы 3 қабат болып орналасқан нейрондардан (нерв клеткаларынан) құралған: I – сыртқы, молекулярлық; II – ортаңғы, ганглиялық; III – ішкі, түйіршік қабаттары. Мишықтың жарты шарларының қалған жері ақ заттан құралған. Ақ затында сұр заттың түйірлері -тісті, тығын пішінді және шар тәрізді ядролар орналасқан. Мишықтың сыртында сұр заттан құралған екі ядро бар. Ересек адамның мишығының салмағы 150 г, оның негізгі қызметі – белгілі бір қозғалысқа қатысатын бұлшық еттердің жиырылуының жылдамдығын үйлестіру арқылы барлық қозғалыстарды реттеу, яғни қозғалыстар кезінде бұлшық еттердің тонусын сақтау. Қорытып айтсақ, мишық – тонустық рефлекстердің жоғары дәрежелі реттеушісі болып есептеледі. Бүған қоса, мишық тыныс алуды, жүректің соғуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет