Тақырып: Неврологияға кіріспе. Жүйке жүйесінің функционалды анатомиясы және физиологиясы



бет1/11
Дата01.02.2022
өлшемі45,31 Kb.
#130384
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
63bd2e66-aae3-4d96-8171-b21789849bff


Тақырып: Неврологияға кіріспе. Жүйке жүйесінің функционалды анатомиясы және физиологиясы.

Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі – нерв клеткасы немесе нейрон. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар-глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Глиялар нерв клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағүрлым көп болады. 20-30 жаста олардың саны бір-бірімен теңеседі де кейін адамның жасы ұлғайған сайын нейрондардың үлесі азайып, глиялардың үлесі көбейеді.

Басқа тірі клеткалар тәрізді оның мембранасы, ядросы, ядрошығы мен органоидтары болады. Нейронның басқа клеткалардан айырмашылығы – денесінің көптеген өсінділері болады және цитоплазмасында нейрофибрилдері бар. Нейронның ала түсті заттарының құрамында рибонуклеин қышқылы (РНК) болады; Оның мөлшері жыныстық жетілуге дейін көбейіп, кейіннен тұрақталады. Қауіпті жағдайларда РНК-ның мөлшері азаяды да ала түсті заттары ыдырап, жоғалып кетеді. Мүндайда нейронның тірлігі жойылады. Нейрофибрилдер ұзын молекулалы белоктардан тұрады. Нейрон ұзақ жұмыс істегенде олар жойылыпта кетуі мүмкін.

Нейронның денесін с о м а деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, дөңгелек, домалақ, үш бұрышты, төрт бүрышты, жұлдыз тәрізді..Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері – нерв талшықтары шығады.Ұзын талшығын а к с о н (грекше аксон — тірек деген мағынада), қысқа талышқтарын д е н д р и т деп атайды (дендрон – ағаш). Аксонның сыртын қоршаған м и е л и н қабығы бар. Миелин – ақ май тәрізді (липид) заттан түзілген. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады.Аксон арқылы нерв клеткасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв импульстері тасылады. Мүшелерге келген аксондардың ұшы тармақталып нерв ұштарына айналады. Нерв ұштары қызметіне байланысты екі түрлі болып келеді: сезгіш ұштар рецепторлар және қозғаушы ұштар – эффекто р л ар. Рецепторлар сыртқы және ішкі ортаның қандай да болмасын тітіркендіргішінің әсерін нерв импульстеріне қ о з у ғ а айналдырады. Ал эффектор орталық жүйке жүйесінен келген қозуды жұмысшы мүшеге жеткізеді.

Дендриттер — тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады. Бұл нейрондардың басқа клеткалармен ұштасу ауданын үлкейтеді. Нерв клеткаларының аксоны көбіне біреу-ақ болады. Бірен саранында ғана екі аксон кездеседі. Олар ұзын болады: бірнеше сантиметрден 1-1,5 метрге дейін. Дендриттер көп болады. Олар – нейронның кірер есігі, ал аксондар – шығар есігі. Дендриттердің бүртіктері бала туғаннан кейін көбейе түсрді.

Нейрондардың бір-бірімен байланысы с и н а п с деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет