«Директ — кост» жүйесі ең алдымен АҚШ-та пайда болған.
«Директ-кост» мәні – өзіндік құн негізінде тек шартты ауыспалы шығындарды есепке алу.
«Директ-кост» қысқа уақыт аралығында қаражаттың жұмсалу тиімділігі туралы оперативті ақпарат береді, өндірістің қандай аумақтарында аяқталмаған шығындар бар екенін көрсетеді.
«Директ-кост» жүйесінің айрықша ерекшеліктері бар:
• Өндірістік шығындар өзгермелі шығындарға және тұрақты шығындарға бөлінеді;
• Өнімнің өзіндік құнын шектеулі шығындар бойынша калькуляциялау;
• кірістер туралы есепті жасаудың көп сатылығы.
«Директ-кост» жүйесі өзіне тек тікелей шығындарды ғана енгізеді. Бұл арада олар өнімді өндірумен тікелей байланысты шығыстардың негізінде калькуляцияланады. Әрбір жағдайда өзіндік құнға енгізілетін шығындардың деңгейі әр түрлі болады. Бірақта жалпы алғанда осы тәсіл үшін, ондағы кейбір өнімді өндіру мен сатуға тікелей қатысы бар шығындар да түрлері калькуляциялауға қатыспай-ақ табыстың есебінен өтілетіндігі белгілі. Міне, осыдан толық емес өзіндік құнның есеп жүйесінің мәні келіп шығады.