Тақырып Өнiмнiң сапаны басқаруының әдiстерi Жоспар: «Стандарт-кост»



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі22,2 Kb.
#83518
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
8 лекция

«Стандарт-кост» термині ‒ стандарттық өзіндік құнды білдіреді. «Стандарт» деген сөз өнім бірлігінің өндірісі үшін қажетті материалдық және еңбек шығындарын немесе өнім бірлігінің өндірісі үшін алдын-ала есептелген материалдық және еңбек шығындарын білдіреді, ал «Кост» деген сөз – бұл өнім бірлігін жасау үшін жұмсалатын өндірістік шығындардың ақшалай түрі.
«Стандарт-кост» жүйесінде норма-стандарт әзірлеу, өндіріс басталғанға дейін стандартты калькуляция жасау мен стандарттан ауытқу жеке бөлінген нақты шығындарды есептеу қарастырылған.
«Стандарт-кост» жүйесі шығындарды келесі шығыстардың баптары бойынша алдын-ала нормалауға (өндірістік процесс басталғанға дейін) негізделеді:
- негізгі материалдар;
- негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы;
- өндірістік үстеме шығыстар (қосалқы жұмысшылардың еңбекақысы, қосалқы материалдар, желгерлік төлем, жабдықтардың амортизациясы және т.б.).
«Стандарт-кост» жүйесіне мынадай ерекшеліктер тән:
Біріншіден, қаражатты жұмсаудағы ауытқуды анықтау бухгалтерлік жазбалардың құжаттамасы емес арнайы шоттардағы бухгалтерлік жазбаларға негізделеді.
Екіншіден, бухгалтерлік есепте анықталған ауытқуларды барлық компаниялар емес, ағымдағы стандарттарды пайдаланатын компаниялар ғана көрсетеді.
Үшінші ерекшелік ретінде ауқытқуларды есептеуге арналған – калькуляция баптары мен ауытқу факторлары бойынша арнайы жинақтамалы шоттарды жеке бөлуді атауға болады.
“Стандарт - кост” жүйесінің артықшылығы - өндіріс пен бұйымды өткізудің болжамды шығыны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, өнім бірлігінің өзіндік құнын бұрын есептеу негізінде бағаны белгілейді, нормативтен ауытқуларды және оның әрбір басқару деңгейіндегі пайда болу себептерін бөліп көрсету арқылы кіріс пен шығыс туралы есеп беруді жасайды.
«Стандарт-кост» жүйесі бойынша өндірістік шығындар мен өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын есептеу техникасы басқа есептеу әдістерімен салыстырғанда анағұрлым оңай, өйткені стандарттық өзіндік құн карточкалары өндірістік шығындардың нормативтік саны алдын-ала көрсетіліп басылып шығарылады, осының арқасында тапсырыстар, өнім түрлері бойынша өндірістік шығындарды қайтадан есептеуге жол берілмейді және олардың көлемдерін бақылауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет