Тақырып Отбасылық құқық


Мыналар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі35,06 Kb.
#89204
1   2   3   4   5
Байланысты:
Отбасылық құқық2

Мыналар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады:
- некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әр қайсысына тиісілі болған мүлік
- ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртәбәмен немесе өзге де мәміле бойынша тегін алынған мүлік
- қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайлалану заттары
Некенің әс жүзінде тоқтатылуына байланысты. Бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсы тапқан мүлікті сот олардың әр қайсының меншігі деп таналуы мүмкін
Егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі немесе ерлі-зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің құнын едәуір арттыратын салыным жүргізілгені анықталынса ерлі-зайыптылардың әр қайсының мүлкі олардың біірлескен ортақ меншігі болып танылуы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасында шартта өзгеше көзделмесе ерлі-зайыптылардың әрқайсының үлсі тең деп танылынады.
Некеге тұру кезінде ерлі – зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тег ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады немесе ерлі – зайыптылардың әр қайсысы өздерінің некеге тұрғанға дейін тегін сақтап қалады. Немесе өз тегіне жұбайының тегін қосады. Егер ерлі – зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді. Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуге әкеп соқпайды. Неке бұзылған жағдайда ерлі – зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы.
Нарықтық экономиканың құқықтық қатынастарына енгізілген жаңалықтардың бірі некелесушілер, отбасын құрушы ерлі зайыптылар некеге отырумен қатар, өзара неке шартын жасауға құқықтары бар. Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады.
Неке шарты бойынша ерлі – зайыптылар неке шартымен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін өзгертуге, ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсының мүлкіне бірлескен, үлестік немесе бөліктелінген меншік режимін белгілеуге құқылы. Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де болашақтағы мүлкін жөнінде де жасалынуы мүмкін. Неке шартында ерлі – зайыптылар өзара күтіп бағу жөніндегі өз құқықтары мен міндеттерін бір бірінің кірістеріне қатысу әдістерін, олардың әр қайсының отбасылық шығындар жасау, тәртібін айқындауға, неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың әр қайсысына берілетін мүлікті белгілеуге, сондай ақ неке шартына ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарын қатысты өзге де кез келген ережелерді енгізуге құқылы.
Әке мен шешенің, өз балалары жөніндегі құқықтары мен міндеттері бірдей болады. Сондықтан егер ата-аналардың ортақ тегі болса, онда балалар сол текпен жүруі тиіс, егер олар ортақ текпен жүрмесе, балалардың тегі ата-ананың келісуі бойынша белгіленеді. Неке жойылған немесе некені заңсыз деп таныған жағдайда, балалар туған кезде алған тегін сақтайды.
Баланың ұлты ата-ананың ұлтымен белгілейді. Егер ата-ананың ұлты түрліше болса, баланың ұлты оның қалауы бойынша оған төлқұжат берген кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен жазылады.
Балалар жөніндегі ата-аналардың міндеттері:
балаларды тәрбиелеу; балалардың күш-қуатын дамыту; оларды міндетті түрде оқыту; баларды пайдалы еңбекке үйретіп өсіру; жасы толмаған балаларын және көмекке мұқтаж, еңбекке қабілеті жоқ балаларын асырау.
Ал көмек көрсетуден, алимент төлетуден бас тартқан жағдайда мәселе сот арқылы шешіледі.
Жасы толмаған балаларға мынадай мөлшерде алимент өндіріліп алынады: бір балаға төрттен бірі, екі балаға үштен бірі, үш және одан да көп балаға әкесінің немесе шешесінің табысының тең жартысы.....

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет