Жасуша ішіндегі белоктар әдетте майлармен қоспа түрінде кездеседі.Жасушада белок алмасуының бұзылуымен қатар су-электролит алмасуы да өзгеріп,цитоплазмада су мөлшері өте көбейеді.Белоктық паренхималық дистрофияға: гиалин-тамшылы дистрофия,гидропиялық және түлеу жатады.
Гиалин тамшылы дистрофия жасуша цитоплазмасында гиалин белогіне ұқсас ірі-ірі белок тамшыларының пайда болуымен сипатталады.
Гиалинді – тамшылы дистрофия.
Гиалинді – тамшылы дистрофия.
Гиалинді – тамшылы дистрофия дамығанда цитоплазмада бір-бірімен бірігіп, клетканың цитоплазмасын толтырған, гиалинге ұқсас ірі белок тамшылары пайда болады да, клетканың ультрақұрылымдық элементтері қирайды.
Бірқатар жағдайларда гиалинді-тамшылы дистрофия фокальды (латынша: focus - ошақ) коагуляциялық (латынша: coagulatio - ұйыту) некрозбен аяқталады.
Диспротеиноздың бұл түрі бүйректерде жиі кездеседі де, бауырда сирек, ал миокардта өте сирек байқалады.
Бүйректі микроскоппен зерттегенде оның нефроциттерінен гиалин тамшылары табылады.
Майлы дистрофия
Бауырдағы ошақты некроз
Даму механизмі. Гиалинді-тамшылы дистрофия клеткалардың ірі-дисперсиялы белоктарды резорбциялауы мен белоктардың клеткаларды инфильтрациялауынан және клеткада белоктар синтезделуінің бұрмалауынан дамып, ултра құрылымдардың күйреуіне ұласады.
Даму механизмі. Гиалинді-тамшылы дистрофия клеткалардың ірі-дисперсиялы белоктарды резорбциялауы мен белоктардың клеткаларды инфильтрациялауынан және клеткада белоктар синтезделуінің бұрмалауынан дамып, ултра құрылымдардың күйреуіне ұласады.
Ақыры. Гиалинді – тамшылы дистрофия – организмге қолайсыз (неблагоприятный), қайтымсыз (необратимый) процесс; біраз жағдайда – клетканы жойып жібереді.
Дистрофияның бұл түрінің организм мен органдардың қызметіне әсері өте зор. Бүйректер өзекшелерінің эпителиінде дамыған гиалинді – тамшылы дистрофиядан несепте (зәрде), белок (протеинурия) пен цилиндрлер (цилиндрурия) пайда болады, қан плазмасы белогын жоғалтып (гипротеинемия), оның электролиттік балансы (қалыпты тепе-теңдігі) бұзылады. Гепатоциттердің гилаинді-тамшылы дистрофиясы – бауыр атқаратын қызметтің бірталай түрінің бұзылуына морфологиялық негіз