19. Митральды стенозда жүрек шектерінің ығысуы:
а) солға және жоғары
б) солға және оңға+
в) жоғары және оңға
г) жоғары, солға және оңға
д) жауаптардың бәрі дұрыс емес
20. Митральды стеноздағы бөдене ырғағының пайда болуы:
а) жүрек ұшында 111 – тон пайда болғаннан
б) жүрек ұшындағы шапалақты 1 тонмен және митральды қақпақшаның ашылуы тонымен+
в) өкпе артериясындағы 11 – і тон акццентімен
г) жүрек ұшында 1 – і тон бөлінуімен
д) аталғандар дұрыс емес
21. Митральды стенозды тыңдайтын негізгі нүктені атаңыз:
а) 2 – і нүкте
б) 1 – і нүкте+
в) 5 – і нүкте
г) 4 – і нүкте
д) барлық аталған нүктелерде
Есеп № 1- Науқас 32 жаста, келесі шағымдармен ауруханаға келді. Физикалық күш түскенде болатын ентігу, жүректің жиі соғуы,кейде жүрек тұсы ауырады, жалпы әлсіздік. Ауырғанына 1 апта болды.
Анамнезінде: жиі баспамен ауырған.
Қарағанда: екі бетінде қызару байқалады.Акроцианоз.
Жүрек ұшы аймағын пальпация жасағанда «мысық пырылы» симптомы анықталады.Аускультацияда: 1 тонның күшейгені және диастолалық шу естіледі.
Перкуссияда жүректің шекарасы жоғары және оңға жылжыған.
Рентген суретте: сол жақ жүрекше, оң жақ қарынша үлкейгені көрінеді.
ЭКГ-де сол жақ жүрекше, оң жақ қарынша гипертрофиясын көруге болады.
Тапсырма : болжама диагноз : Митральды қакпақшаның тарылуы.
Тексеру жоспарын құрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |