Тақырып: Саяси идеология, саяси сана, саяси мәдениет



бет4/5
Дата28.04.2020
өлшемі26,17 Kb.
#65004
1   2   3   4   5
Байланысты:
07.04.20 ж.№13 Саяси идеология

Консерватизмнің (лат.консервативус – қорғаушы) негізін қалаушыларға Эдмунд Берк (1729-1797), Жозеф де Местр (1754-1821), Фридрих фон Савиньи (1779-1861), Меттерних (1773-1859) және т.б. жатады. Олар ағартушылық пен революцияға, сана мен прогреске қарсы тұрды. Саяси идеологиясының өзекті мәселелері – күшті мемлекет, айқын саяси жіктелу, биліктің төбе топ қолында болуы. Еркіндікті тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы және оларға адаодығы деп түсінді.

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында консерватизм негізгі қағидаларына өзгерістер енгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан түрлілік және саяси демократия принциптерін қабылдады.

Осы ғасырдың 70 жылдарынан Батыстағы консервативтік ой-пікірдің жетекші бағыты жаңарған консерватизмге (неоконсерватизмге) айналды. Ол жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды. Жаңарған консерватизм өкілдеріне Д.Белл, З.Бзежинский, Н.Кристолл және т.б. жатады.

Коммунистік (лат. коммунис -жалпы) идеялар ХIХ ғасырдың орта кезінде дүниеге келген Негізін салғандар Карл Маркс (1818-1883) пен ф.Энгельс (1820-1895). Олардың ойынша, социализмді орнататын бірден-бір құрал – социалистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш – жұмысшы табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. Социалистік революция нәтижесінде ескі мемлекет түбірімен қиратылады да, оның орнына жаңа мемлекет – прлетариат диктатурасы орнайды.

Олар жеке меншікті жойып, қоғамдық меншікті орнатқысы келді. Коммунистік қоғамда мемлекет, саясат болмайды деп санады.

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында марксистік саяси идеология революциялық және реформистік болып екіге бөлінді. Революциялық ағымды В.И.Ленин(1870-1924) басқарды. Реформистік идеялар немістің социал-демократы Э.Бернштейн (1850-1932) мен немістің тарихшысы және экономисі К.Каутскийдің (1854-1938) еңбектерінде дамытылды. Кейін ол бөлек идеялық-саяси бағытқа – социал-демократияға айналды.

Социал-демократиялық идеологияның теориялық негізін салған Э.Бернштейн «Социализмнің алғы шарттары және социал-демократияның мақсаты» еңбегінде ол капитализмнің өзін-өзі дамытуға мүмкіншілігі бар екендігін көрсетті. Соның негізінде классикалық марксизмді қайта қарап, оған өзгерістер енгізді.

Социал-демократия идеологиясы «демократиялық социализм» идеясын алға тартты. Оның басты құндылықтары- еркіндік, теңдік, әділеттілік және ынтымақтастық. Бұл құндылықтарды экономикалық, саяси және рухани демократия арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ол аралас экономиканы, мемлекеттік әлеуметтік-реттеу рөлін, саяси өмірді демократиялық түрде ұйымдастыруды талап етеді.

Фашизм (итал. фашизмо - бірлестік) 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф.Ницше (1844-1900), Дж.джентилле (1875-1944), О.Шпенглер (1880-1936).

Бұл идеологияның басты ерекшіліктері – еңбекшілерді басып-жаншу үшін зорлықтың шектен шыққан түрлерін қолдану, шовинизм, нәсілшілдік, экономиканы мемлекеттік-монополиялық реттеу тәсілдерін кеңінен пайдалану, азаматтардың қоғамдық және жеке өмірін толық бақылау, т.т.

Біздің республиканың өміріне елеулі ықпал етуші – жаңарған либерализм. Оған айғақ –экономикада жеке меншіктің дамытылуы, жекешелендірудің жүргізілу бағыты, еркін нарық пен бәсекені мойындау әлеуметтік теңдік принциптерін жоққа шығару, дарашылдыққа (индивидуализмге) бетбұрыс және т.б. Дегенмен, мұның бәрін абайлап, жақсы ойластырып енгізбесе болмайды. Себебі, біздің дәстүріміз, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайларымыз бар. Оның ішінде ең бастысы – қазақ халқында либералдық идеяның тірегі болып табылатын дарашылдық болмаған. Біздің халық ықылым заманнан бірлесіп, ұжымдасып тіршілік еткен. Біздің идеологиямыз адамгершілік, мейірімділік, адалдық, парасаттылық, шыншылдық, еңбекқорлық, кәсіпкерлік, табандылық, ержүректілік сияқты асыл қасиеттерді адамдардың санасына сіңіріп, дарытуға қызмет етуге тиіс.

Еліміздің халқын, әсіресе жаңа ұрпақты патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелемей, қоғамның бұдан әрі дамуының маңызды факторларының бірі – оны топтастыруға қол жеткізу мүмкін емес.


Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестерді даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді.

Бұл ұғымның саясаттануға еңгеніне көп болған жоқ ХХ ғасырдың 50 жылдарынң екінші жартысы – 60 жылдардың басында Г. Алмонд, С. Верба, Л.Пай деген американың зерттеушілері мен олардың шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар бастырып шығарыд. Олар кейін «саяси мәдениет» деген атпен кең тарап кетті.

Бірақ бұдан саяси мәдениет жөнінде бұрын ешқандай ой-пікір болмаған екен деген ой тумаы керек. Себебі, антикалық ойшылдар, атап айтқанда Платон, Аристотель, кейінірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және басқа ойшылдар да бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі салт-дәстүрлерде тәрбиеленген, әр қилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған адамдар бірыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезіп, оған сан қилы жауап қайтаратындығын байқаған. Бұл неліктен, неге байланысты болғандығын білгілері келген. Сол сұрақтарға жауап іздеген.

Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін жасауға М. Вебер, Э. Диркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты Батыстың ірі саясатшыларымен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Ал жалпы «саяси мәдениет» деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке еңгізуші деп ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы, фәлсафасы Иоганн Гердерді санайды.

Бірақ олардың қай-қайсысы болмасын «саяси мәдениетті» саяси өмірдің белгілі бір өрісін білдіретін саясаттанудың ұғымы ретінде қолданбады, мұны жасаған жоғарыда аттары аталған американдық ғалымдар болды.

Саяси мәдениет ұғымдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтарды, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстануы, осы саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар жатады.

Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтыды.

Саяси мәдениеттің өзіндік міндеттері, қызметтеі бар. Оларға танымдық, реттеушілік, тәрбиелік, біріктірушілік, қорғау, сабақтастық қызметтері жатады.

Танымдық қызметі – қоғам мен саясатың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру.

Реттеушілік қызмет – саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуы саналық қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік таптық, ұлттық қатынастарды реттеу.

Тәрбиелік қызметі - әркімді қоғамдық саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулу.

Біріктірушілік қызметі – қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыру.

Қорғау қызметі – қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау.

Сабақтастықтың қызметі – саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси прцестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін тарихи сабақтастық.

Саяси сананың ішінде саяси мәдениетке ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктері жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, шешімдері қабылдау мен іске асыру, билік өкілеттілігінің иелері, саяси өмірдегі өз орнына, саяси қызметке қатысудың құдыреттілігі мен тиімділігі жөніндегі т.с.с. түсініктері қамтиды.

Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндалақтар жатады. Ол «еркіндік», «теңдік», «әділдік», «әлеуметтік қорғанушылық», «автономия», «төзімділік» және т.б. сияқты байланыстардың қайсысына басымдық артықшылық беруінен байқалады. Мысалы, біріншісі – кейбір адамдар, топтар, тіпті тұтас ұлттар теңдікті қастерлеп, соған тұрақты бет бұрады. Екіншісі –еркіндікті, бостандықты аңсайды, ең басты байлық деп санайды. Үшіншісі - әлеуметтік қорғанушылықты бәрінен артық көреді. Төртіншісі – автономияны қалайды және т.с.с.

Саяси мәдениеттің тағы бір ерекшелігі – адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Мысалы, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса, мемлекетке әрқашан түзу ниет білдіреді.

Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау да кіреді. Ол субъектінің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және тағы басқалардан көрініс табуын мүмкін.

Саяси мәдениетте әдет-ғұрып, жүріс-тұрыстың да орны зор. Мысалы, екі жапондық кездессе бір-біріне иіліп сәлем береді. Сонда ол елдің ғұрпын білетін адам қайсысының қызмет бабында төмен тұрғанын бірден байқайды.

Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлерін сай ұлттық мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнұран, Ата заң, Ақша белгілері және т.б. енеді.

Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйенің және оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды қалай ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды. Әр түрлі елдерде бұл әрекеттің үлгілері біркелкі емес.

Саяси мәдениеттің негізгі құрылымы осындай. Енді оны қалыптастыратын қоғамдық күштер қандай, оның мазмұны мен түрін кімдер айқындайды деген сұрақ туады. Соған келейік.

Саяси мәдениетті қалыптастыруға ең бірінші мемлекет қатысады. Ол бұл міндетін заң шығару, атқару және сот органдары арқылы атқарады. Мемлекет ұлттың саяси рәміздерін, адамның саяси өзін-өзі ұстау үлгілерін қалыптастырады. Егер мемлекет тоталитарлық сипат алса, онда оның ролі тіпті жоғарлай түседі. Себебі, олар демократиялық жағдайда азаматтық қоғамның қолында болатын міндеттердің бәрін жеке өз қолына жинап алады.

Мемлекетпен қатар саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, әсіресе партиялар қатысады. Олар азаматтарды өз партиясының бағдарламаларымен таныстырады, партияларға және партиялық жүйелерге белгілі бір көзқарасты, қатынасты қалыптастырады, партия мен мемлекеттің қатынасы жөнінде мағлұмат береді. Партияның ролі әсіресе мемлекетпен сіңісіп, тұтасып, партиялық – мемлекеттік құрылыс құрған елдерде өте биік келеді. Мұндай жағдай көбінесе партия бүкіл билікті қолына алған бір партиялық жүйеде орнайды.

Саяси мәдениетті қалыптастырушы күштерге зерттеушілер әрдайым діни ұйымдарды қосады. Олар мынау дұрыс, мынау бұрыс деген түсінік тұдырып, бағыт беріп адамдарға саяси сана мен өзін-өзі ұстаудың негізгі үлгі-өнегесін жасайды.

Саяси мәдениетті қалыптастыруда елеулі роль атқаратын көпшілік ақпарат құралдары: баспасөз, радио, теледидар. Қазір оларды биліктің төртінші саласы деп жүргені тегін емес. Әсіресе, ғылымыи-техникалық революция жағдайында теледидардың ролі орасан өсті.

Бұл салада бизнес әлемі де белгілі роль атқарады. Дамыған капиталистік елдердің саяси өміріне саудагерлік пен бәсекелестік едәуір әсер етеді.

Саяси мәдениетті қалыптастыруға тікелей және мақсатты түрде қатынасушылардың қатарына академиялық қауым да жатады. Оның ролі әсіресе АҚШ-та өзгеше көзге түседі. Онда мемлекет пен университеттер, зерттеу орталықтарының арасында үздіксіз алмастыру тәртіпке айналып кеткен.

Қоғамдық жағдайға және ондағы қалыптасқан саяси үлгілер мен ережелерге байланысты әр елдің саяси мәдениеті өзгешеленеді, ерекшеленеді. Батыс саясаттануында оны жіктеудің кең тараған түрі Г. Алмонд пен С. Вирбаның «Азаматтық мәдениет» деген кітабында келтірілген. Онда Аглия, АҚШ, ГФР, Италия, Мексиканың саяси жүйелерінің негізгі құрамдас бөліктерімен жұмыс істеу түрлері сараланып, салыстырылады. Соның нәтижесінде олар саяси мәдениеттің патриархтық, азаматтық, қоғамшыл деп үш тұрпатын атап көрсетеді. Патриархтық мәдениет азаматтардың саяси өмірге ықылас-ынтасының жоқтығымен сипатталады. Азаматтық тұрпатында адамдар саяс институттардың шешімдерін мойындап, толық орындайды, бірақ олардың жұмысына бел шешіп араласпайды. Саяси мәдениеттің қоғамшыл тұрпатында азамттар саясатқа зер қойып, оның жұмысына елсене қатысады. Ал өмірде көрсетілген тұрпаттар «таза» күйінде емес, бір-бірімен аралас түрінде кездеседі.Зерттеушілердің айтуынша солардың ішінде кең тарағаны және қоғамның тұрақтылығының қамтамасыз етуге ыңғайласа азаматтық мәдениет көрінеді.

Саяси мәдениеттің жеке әлеуметтік, этникалық, аймақтық және басқа саясат субъектілеріне тән құрылымдары да қалыптасады. Олардың билікке, саяси өмірді ұйымдастыруға, бақылауға және т.б. өзіндік көзқарастары пайда болады, мұндай құрылымды субмәдениет дейді. Басқа сөзбен айтқанда, субмәдениет деп қоғамда үстемдік еткен мәдени бағыттар айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдарды айтады. Ол қоғамдық топтарды экономикалық, діни, нәсілдік, білімдік, жыныстық, жас ерекшеліктеріне және т.с.с. белгілеріне байланысты.

Кейбір ерекшеліктер әйелдердің саяси субмәдениетінде де кездеседі. Мәселен, Батыстың әйелдері консервативтік бағыттағы партиялар мен ұйымдарды қолдайды.

Айтарлықтай айырмашылық жастардың саяси субмәдениетінде де кездеседі. Батыстың жастарын алсақ, олар адамдар арасындағы қарым-қатынаспен өмірдің сапалылығы сияқты құндалақтарды алға тартса, қариялар материалдық молшылық пен қамтамасыз етілуді ұнатады.

Ал Қазақстанда болса оқуға түсе алмаған ауыл жастарының көбі жұмысқа орналасып, жұмысшылар жатақханасында жүр. Олардың арасында жартылай ауылдық, жартылай қалалық саяси субмәдениеттің пайда болуын байқаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет