Тақырып Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері Дәріс мақсаты



бет4/9
Дата08.12.2023
өлшемі36,36 Kb.
#195546
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
5 дәріс.

А.Ф. Лазурский өзінің теориясының негізіне ол индивидті ортаға белсенді бейімделу принципін ала отырып, жіктемесіне екі негізді бөліп көрсетті - психикалық деңгей және психикалық мазмұн. Психикалық деңгей неғұрлым биік болса, соған байланысты белсенді және өнімді бейімделу жүреді


Сонымен, А.Ф. Лазурский жүйесінде психикалық өмір деңгейі бүгінгі күні А. Маслоу мен Э. Шостром гуманистік ілімдеріндегі тұлғаның өзіндік актуализациясы, бағыттылығы теорияларына жақын.
Психикалық өмір мазмұны жалпы табыстылықты анықтамайды, ортаның құбылыстарына индивидтердің бейімделу тәсілдерінің вариацияларында көрінеді. А.Ф. Лазурский негізгі психикалық және психофизиологиялық функцияларды біріктіретін (сезім, ес, зейін, ойлау, ерік, жылдамдық және моторика күші т.б.) эндопсихиканы бөліп көрсетті. Эндопсихика жалпы “формальды-динамикалық сипаттама” ұғымына жақын; ол кешендер арқылы сипатталады, тіршілік етеді және тума биологиялық механизмдер негізінде беріледі.
Экзопсихика тұлғаның сыртқы объектіліерге қатынасын (табиғатқа, адамға, рухани қолайлыққа, адамның қзінің рухани өміріне және тағы басқа) біріктіреді. Экзопсихика заттық - мазмұндық сипаттарға, психикалық өмірге және орта жағдайларына әсер етеді.
Эндо және экзопсихика өзара әрекеттеседі, шарттасады және эндосипаты экзоның көрінуінің латентті кезеңінен актуалдыға өзгеруі мүмкін (мысалы қабілеттер әрекетте көрінеді, ал түрткі мен қызығушылық - бұл экзопсихикалық сапа).
2.Мінез акцентуациялары.
Егер мінез өзгеріп, оның қандайда бір сипаты айқын көрінсе, адам аса сезімтал болуы мүмкін. Бұл жағдай, онда мінез акцентуациясының бар екенін көрсетеді. Акцентуация – кейбір мінез сипаттары аса күшейтілген норма нұсқалары. Айқын акцентуация – “аз қарсыласу орнына” бағытталған фактордың әрекеті жағдайында тұлғаның бейімделе алмаушылығына әкелетін шеткі норма нұсқасы. Жасырын акцентуация бұл қарапайым нұсқаның көрінуі.
К. Леонгард мінез акцентуациясының классификациясын құрды, оны шеткі норма нұсқасы деп түсінді. Сондықтан адамның күшті жағына қарағанда, оның кемшіліктерін тізбелеуді ұсынды. Әдістің ерекшелігі осында, бірақ әрине, бұл медициналық диагноз қою үшін жеткіліксіз. К.Леонгард жаңа ұғымды енгізе отырып, 4 мінез акцентуациясын және 6 темперамент акцентуациясын бөліп көрсетті. Бұл акцентуацияларды төменде М және Т әріптерімен көрсетеміз:
1. Демонстративті ( истероидты)
2. Педантивті
3. Тұйықталған тип
4. Қозғыш тип (эпилептоидты)
5. Гипертимді тип
6. Дистимді тип
7. Қауіпті – қорқақ тип
8. Циклотимді тип
9. Эмотивті тип
10. Аффективті – экзальтацияланған тип.
К. Леонгард мінездің кейбір өмірге қиындық туғызатын сипаттарын ғана көрсетті. К. Леонгард еңбегін Санкт – Петербург зерттеушісі А.Е. Личко толықтырды. Ол акцентуацияның 12 түрін көрсетті. Көбіне К.Леонгард классификациясын мінезі әлі қалыптаспаған жеткіншектермен жұмыс жасағанда қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет