Тақырып Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері Дәріс мақсаты



бет1/9
Дата08.12.2023
өлшемі36,36 Kb.
#195546
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
5 дәріс.


Тақырып 5. Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері


Дәріс мақсаты: Студенттерде темперамент, темперамент теориялары, темперамент типтері, сипаттары туралы білімдерін тереңдету.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Темперамент жайлы түсінік.
2. Темпераменттің физиологиялық негіздері.
3.Темперамент түрлері және олардың психологиялық сипаттамалары.


Дәріс тезисі.
1. Темперамент жайлы түсінік.
Темперамент тұлғаның мәнді қасиеттерінің бірі. Берілген мәселеге деген қызығушылық ерте кезде туындап, қазіргі кезге дейін психологияның зерттейтін маңызды бөлігі болып табылады.
Темперамент адамның табиғи сипатының, психологиялық іс-әрекетінің динамикалық ерекшеліктері, яғни психикалық процестер мен жағдайлардың әрекеттерінің ырғағы, қарқыны, жылдамдығы жатады.
Темперамент келесі құбылыстарда көрінеді:

  1. Адамның жалпы белсенділігінде;

  2. Қозғалу ерекшелігі және сөздік қозғалу ерекшелігінде;

3. Эмоционалды процестер ерекшелігінде: эмоцияның туындау және өшу жылдамдығы, күші мен тереңдігі, эмоционалды аймақтың сапалық қасиеті, яғни кез келген эмоцияны бастан кешіру жылдамдығы және т.б.
Сонымен, темперамент адамның белсендік ерекшеліктерін және реактивтілігін біріктіреді. Темперамент бойынша адамдарды ажырату сыртқы өңдерінде, барлық мінез-құлықта және іс-әрекетте байқалады.
Ерте кезден осы көріністердің барлығы ғалымдардың назарын аударды. Темпераменттің туа біткен, адамның табиғи сипаты, яғни ағзаның физиологиясымен байланысты екеніне ешкім күмәнданбайды. Ғылым тарихында темперамент жайлы көптеген теориялар бар.
Темперамент жайлы теорияларды үлкен үш топқа бөлуге болады:

  1. Гуморальді теориялар;

  2. Конституционалды теориялар;

  3. Жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты темпераментті түсіндіруші теориялар.

«Гумор» сөзі сұйықтық дегенді білдіреді. Ағза сұйықтықтары қозғалымпаз, оның динамикалық бөлігі. Сондықтан мінез-құлық ерекшеліктерін ағзадағы сұйықтықтар қозғалысының ерекшеліктерімен байланыстырады. Осы бағытты ұстанған авторлардың теориялары ең алғаш пайда болған. Ежелгі және ең белгілі гуморальды теория антикалық Грецияда пайда болған, дәрігер және философ Гиппократтың теориясы.
Гиппократ теориясы бойынша, адам ағзасында төрт негізгі сұйықтық бар: қан, қара өт, сары өт, сөл. Гиппократ пікірінше, адам ағзасында қай сұйықтық басым болса, соған байланысты 4 темперамент типінің бірі сай келеді: қан басым болса - сангвиник типі, сөл басым болса - флегматик типі, сары өт басым болса - холерик, қара өт басым болса - меланхолик типі. Гиппократтың ойынша, адам ағзасындағы сұйықтықтың біреуінің басым болуы климат жағдайына және адамның айналысатын іс-әрекетіне байланысты.
Темперамент типтерін б.д.д. өмір сүрген Рим дәрігері К.Гален 13 типке дейін жеткізді.
И. Кант темпераменттің көріну аймағын тарылтып көрсетті. Төрт темперамент типін Кант екі топқа бөлді: әрекет темпераментіне жылдам қимылдайтын холерик пен баяу қимылдайтын флегматикті жатқызды, әсершіл топқа оң эмоциялары басым сангвиник пен теріс эмоциясы басым меланхоликті жатқызды.
Темпераменттің гуморальді теориялары қатарына П.Ф. Лесгафтың көзқарасын жатқызуға болады. Ол психикалық әрекеттің динамикалық ерекшелік сипатын жүрек тамыр жүйесіндегі әр түрлі ұсақ тамырлардан күре тамырға дейінгі қан қозғалыс ерекшеліктерімен байланыстырды.
Темпераментті дене бітімімен түсіндіруші конституционалды теориялар қатарына Э. Кречмер және У. Шелдонның еңбектері жатады.
1921 жылы Э. Кречмердің әйгілі «Дене бітімі және мінез» атты еңбегі жарық көрді. Оның негізгі идеясы белгілі типті адамдар белгілі психологиялық ерекшеліктерге ие. Адамдарды дене бітіміне байланысты Кречмер төрт конституционалды типке бөлді: лептосоматик, пикник, атлет, диспластик.
1. Лептосоматик – нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.
2. Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.
3. Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.
4. Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес. Бұл типтегі индивидтер әр түрлі дене бітімінің деформациясымен сипатталады.
Аталған типтерге байланысты үш темперамент типтерін бөліп көрсетеді: шизотимик, иксотимик, циклотимик. Шизотимикке астеникалық дене бітімі тән, тұйық, көңіл-күйі ауысып отырады, бірбеткей, бағдарлары мен көзқарастарын өзгертпейді, қоршағандарға күшпен бейімделеді. Иксотимикке атлет дене бітімі тән, салмақты, жесттері мен мимикасы ұстамды, ойлау майыспалығы төмен, ұсақ-түйекке көңіл аударушы. Циклотимик пикник дене бітіміне ие, эмоциясы қуаныш пен қайғы арасында алмасып келіп отырады, адамдармен жылдам араласады, көзқарастары шындыққа жақын.
АҚШ-та 1940 жылдары У. Шелдон темперамент теориясы кең танымалдыққа ие болды. Темпераменттің негізін эмбриологиялық тұрғыда түсіндіруге тырысты.
Үш типті бөліп көрсетті: 1) эндоморфты – эндодермадан ішкі мүшелер жақсы дамиды; 2) мезодерма - бұлшық еттер жақсы дамиды; 3) эктоморфты – тері мен жүйке талшықтары жақсы дамиды.
У. Шелдон бойынша, аталған дене типтеріне дененің белгілі функцияларына тәуелді белгілі темперамент типтері сай келеді: висцеротония (ішкі мүшелер), соматотония (дене) және церебротония (ми).
Темперамент теорияларының үшінші тобын құрайтын жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты теориялар қатарына И.П. Павлов еңбегі жатады. Павлов зерттеулері темперамент тұлғаның тума сипатталатын қасиеттері екендігі жайлы көзқарастың қалыптасуының негізі болды. Кеңестік психологияда темперамент теорияларының дамуына үлкен үлес қосқан Б.М. Теплов еңбектері болып табылады. Теплов темпераменттерінің қасиеттеріне психикалық іс-әрекет динамикасын сипаттайтын тұрақты психикалық қасиеттерді жатқызды. Темпераменттің индивидуалды ерекшелігін темпераменттің қандайда бір қасиеттерінің даму деңгейімен түсіндірді. Темпераменттің мәнді қасиеттеріне келесілерді жатқызды:
1. Эмоционалды қозу;
2. Зейіннің қозуы;
3. Эмоцияның күші;
4. Мазасыздық;
5. Ырықсыз қозғалыстардың реактивтілігі;
6. Ерікті мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің белсенділігі;
7. Майыспалылық – регидтілік;
8. Резистенттілік;
9. Субъективтілік..


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет