Рөлдік ойын: «Сіз өзіңізді қатерге тігесіз».
Оқушыларды олардың санына қарай 3-4 топқа бөлу. Тақтаға әрбір командаға арналған портреттер салынады. Команда өзіне капитан таңдап алады, команда мүшелері қойылатын сұрақтарға жауаптарын ұсынатын болады, егер команданың жауабы дайын болса, капитан қолын көтеруі керек. Аудиторияда тәртіп болу үшін, ойынның шарттары сақталуы тиіс. Мұғалім сұрақты оқып шығады. Егер команданың жауабы дайын болса, капитан қолын көтереді. Қай капитан қолын бірінші көтерсе, сол команда бірінші жауап береді. Егер жауап дұрыс болса, команда 10 ұпай алады. Егер дұрыс болмаса, мұғалім сұрақты қайталайды және жауап беру құқығы басқа командаға беріледі. Қате жауап үшін командаға «ақау» беріледі, команданың портретіне «темекіден сарғайған тіс» қосылып салынады. Егер команда 3 «темекіден сарғайған тіс» алса, ойыннан шығады. Дұрыс жауабы үшін ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Сұрақтар мен жауаптар:
Сұрақ: Балалар неліктен шылым шегуді бастайды?
Жауап: Өйткені «басқалардай болу», кең тараған жарнама науқаны, шылым шегетін отбасы мүшелерінің үлгісі әсер етеді.
Сұрақ: Егер адам бір жылда күніне 1 қорап темекі тартса, оның өкпесінде қанша темекі шауыры шөгіп қалады?
Жауап: 1 литрдей.
Сұрақ: Темекі тарту қатты тәуелділік туғызады деген дұрыс па?
Жауап: Дұрыс. Темекі тарту психикалық, сондай-ақ табиғи тәуелділік туғызады. темекіге тәуелділік ұзақ мерзімді емдеуді қажет ететін негізгі себебі болып есептеледі.
Сұрақ: Адам үшін никотиннің қауіпті дозасы қандай? 5-10 мг, 15-30 мг, 35-70 мг, 50-100 мг?
Жауап: Адам үшін никотиннің қауіпті дозасы 50-100 мг немесе 2 тамшы. Күн сайын 20-25 сигарет тартқанда никотиннің осындай дозасы қанға түседі.
Сұрақ: Шылым шегетін адам әр апта сайын өмірінің бір күнін жоғалтады деген рас па?
Жауап: Рас. Шылым шегушілер әр апта сайын орташа алғанда өмірінің бір күннен артығын жоғалтады.
Сұрақ: Бес өлім оқиғасының біреуі шылым шегумен байланысты деген дұрыс па?
Жауап: Дұрыс. Мезгілсіз өлімнің бес жағдайда біреуі нақ шылым шегумен байланысты.
Сұрақ: «Ырықсыз шылым шегу» термині нені білдіреді?
Жауап: «Ырықсыз шылым шегу» дегеніміз – шылым шегетіндердің айналасындағы шекпейтін адамның темекі түтінін жұтуы. Шылым шегетін бір адамның кесірінен шылым шекпейтін адамдардың кем дегенде үшеуі зиян шегеді.
Сұрақ: Шылым шегудің зардаптары туралы неғұрлым көп адам білсе, олардың шылым шегуді бастау ықтималдығы соғұрлым аз деген дұрыс па?
Жауап: Дұрыс.
Сұрақ: Қандағы оттегі тепе-теңдігін, жүрек-тамыр жүйесінің және орталық нерв жүйесінің жұмысын бұзу үшін неше дана сигарет тарту керек?
Жауап: Жүрек соғысын жиілету, қан айналымын, ми тамырларында спазм тудыру және өкпедегі газ алмасуды бұзу үшін бір ғана сигарет жеткілікті.
Сұрақтарды әр оқушының қолына жеке-жеке үлестіріп бере аласыз немесе бүкіл аудиторияға дауыстап оқып беруге болады.
Өткізілген ойыннан кейін сұрақтар мен жауаптар тізбесін таратып беріңіз және оқушыларға дұрыс жауаптармен танысуға уақыт беріңіз. Тренинг аяқталғаннан кейін оқушыларға сұрақ беріңіз:
-Өзіңіз үшін қандай жаңа нәрсе білдіңіз?
-Оларды не таңырқатты?
-Оларды не мазалады?
Тренинг: «Шылым шегуге жарнама»
Мұғалім оқушылардан өздері әкелген темекі өнімдерінің жарнамасының үлгілерін қабырғаға іліп қоюды өтінеді және тақтаға әрбір жарнамалық хабарландырудың оқушылар байқап атаған жағымжы жақтарын теріп жазады.
Мысалы: сүйкімді кейіпкер, шылым шегу тартымды болып көрінеді, ол адам риза пішінді немесе бай болып көрінеді, т.б. Сонан соң келесі сұрақтар талқыланады:
неліктен жарнама тек жағымды тұрғыдан көрсетіледі?
неліктен жарнама берушілер біздің жарнамалық модельдерге ұқсауымызды қалайды?
неліктен «жұлдыздар», «пірлер» (атақты адамдар) қатыстырылады?
темекі өнімдерінің жарнамасына тыйым салу керек пе? Керек болса қалай?
Олар темекі өнімдерінің жарнамасын шыншыл немесе жалған деп санай ма және белгілі жас шамасындағы контигент үшін азғырушы, қызықтырушы деп ойлай ма?
Қорытынды жасай келіп, оқушыларға мынаны ескертіңіз. Темекі өнімдерінің тартымдылығын көтеру мақсатымен өндірушілер келесі тәсілдерді қолданады:
-шылым шегуді есеюдің символы ретінде көрсетеді.
-шылым шегетін адамдарды ерекше және қызықты етіп көрсетеді.
ешқашан денсаулық туралы және адамдар үшін шылым шегудің зардаптары туралы еске салмайды.
Рөлдік ойын: «Сен қабылдайтын шешім».
Оқушылардың көмегімен рөлдерге актерларды таңдап алу және шағын көріністі ойнап көрсету. Сонан соң аудиторияны 4 топқа бөлген жөн және топтың әрқайсысы көрініс соңынан өз нұсқасын көрсеткені дұрыс.
Көрініс (сцена)
Оқиғаның орны: Үй қабаттарының арасында тұрып қалған лифт.
Қатысушылар: Алмас және Дариға, олар жарты жылдай кездесіп жүр және жақында үйленбекші.
Алмас: Міне, тұрып қалдық. (Сигаретін тұтатады). Сірә, осында отырып қалармыз.
Дариға: Түк емес, қазір жөндеушілер келеді де, бізді шығарып алады. (Ол жөтеледі)
Алмас: Иә, біз сауық кеші нағыз кезген кезінде жетерміз.
Дариға: Сен шылым шекпей тұра аласың ба? Бұл біздің осында тұрғанымыздағы үшінші сигарет. Дем алу мүмкін емес.
Алмас: Кешір, сенікі дұрыс. Бірақ менің күйіп-пісіп тұрғаным соншалық, еріксіз сигаретке ұмтыламын.
Дариға: Күйіп-пісетін ештеңе жоқ. Сенің тіпті шылым шегуді тастайтын ойың бар ма?
Алмас: Айтпақшы, сен бүгін бірінші рет менің темекі тартқаныма наразы болып тұрсың.
Дариға: Тек өсіріп айтудың керегі жоқ.
Алмас: Мен асырып айтып тұрғаным жоқ. Мен оқиғаға нақты қараймын.
Дариға: Білсең, сенімен бірге мен де шылым шегіп тұрмын деуге болады.
Алмас: Жақсы. Мен лифттің ішінде шылым шекпеуге тырысамын. Және бұл тіпті өлердей емес, көңіліңді жайландырады, күту де сондайлық қиын болмайды. Байқап көргің келе ме? (Алмас сигаретін Дариғаға ұсынады).
Бұл көріністің соңын оқушылар өздері ойлап табулары, яғни шешім қабылдауы керек. Осындай рөлдік ойындардың үлгісінде оқушылар шешім қабылдауға қалай жетудің дағдыларын меңгере алады. Егер оларды шешім қабылдауға үйретсе, оларға бұл дағдыны пайдалану және шылым шегу немесе шекпеу сияқты күрделі сұраққа дұрыс жауап алу оңайырақ болады.
Достарыңызбен бөлісу: |