Жабдықтар: Сусыннан немесе кір жуғыш сұйықтан қалған мөлдір пластик бөтелке, мақта, фильтрсіз темекі, сіріңке.
Егер уақыт аз болса, аспапты ертерек дайындап қойыңыз. Бөтелкенің қақпағына темекінің диаметрі мөлшеріндей тесік жасаңыз.
Мақтадан жасалған шарикті қақпаққа бөтелкенің іш жағынан қойыңыз. Темекіні қақпақтың тесігінің сырт жағынан орнықтырып, бөтелкенің аузын жабасыз. Бөтелкені қысып оның ішіндегі ауаны сыртқа шығарыңыз. Темекіні тұтатып бөтелкеге ауаны ақырын бірқалыпты толтыруды және шығаруды бастайсыз ( тыныс алуды елестетесіз: ауаны ішке тарту және қайтадан дем шығару). Темекі жанып біткеннен кейін бөтелкенің ішіндегі мақтаның қандай болғанын көрсетіңіз.Оның түсі қара қоңырланып кетті және жағымсыз өткір исі бар.Оқушыларға мақтаны жапқан қара-қоңыр қабаттың темекі шайыры екендігін және темекі тартатын адамның өкпесінде осындай өзгерістер болатындығын айтып көрсету керек. Мақтаны бөтелкеден шығарып бөлмедегі өсімдіктердің жапырағына немесе сабағына үйкелеңіз. Ол өсімдікте қандай өзгеріс пайда болатынын қараңыз. Жапырақтың беті қарайып, тырыса бастайды – никотиннің әсері осындай.
Тренингті өткізгеннен кейін оқушылардан сұраңыз:
-Мақтадан жасалған шарик қандай?
-Бөтелкенің түрі қандай?
-Қалай ойлайсыз, шылым шегу өкпенің ішкі қабатына қандай әсер тигізеді?
Жасалған эксперименттің нәтижесінде оқушылар өкпе тканіне никотин мен темекі шайырының әсері, шылым шегудің физологиялық зардаптары туралы айқын түсінік алу керек. Сондай-ақ шайырлы заттар тыныс алу жолдарымен өтіп, организмнен толық шығарылмайды, өкпеде шөгіп қалады.
Тренинг: «Шылым шегу денсаулыққа қауіпті».
Оқушыларды 4 топқа бөлу. Топтар өздерінің лидерін таңдауға тиіс, ол өз тобының жауабын жазып отырады.
1-ші топқа тапсырма:
Қысқа мерзімді шылым шегудің мүмкін болатын барлық теріс зардаптарын атап шығу.
2-ші топтың тапсырмасы:
Ұзақ мерзімді шылым шегудің мүмкін болатын барлық теріс зардаптарын атап шығу.
3-ші топтың тапсырмасы:
Қысқа мерзімді шылым шегудің мүмкін болатын жағымды салдарын атап шығу.
4-ші топтың тапсырмасы:
Ұзақ мерзімді шылым шегудің мүмкін болатын жағымды салдарын атап шығу.