Таќырып: “Зиянды ѕдеттер”


Шылым шегудің қысқа мерзім ішіндегі теріс зардаптары



бет4/6
Дата22.09.2022
өлшемі79,5 Kb.
#150418
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Шылым шегудің қысқа мерзім ішіндегі теріс зардаптары:

    • қан тамырларының және ми тамырларының спазмы;

    • қан қысымының көтерілуі;

    • жүрек соғысының жиілеуі;

    • мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабығының темекі түтінінен тітіркенуі;

    • темекі түтінінен көздің шырышты қабығының тітіркенуі;

    • иісті газдың қанға еніп кетуі;

    • темекі шайырының өкпеде шөгіп қалуы;

    • ауаны улау, ластау.

Шылым шегудің ұзақ мерзімді зардаптары:

    • түрлі инфекцияларға кіру қақпасы болатын тістің, еріннің, тілдің, таңдайдың, көмейдің, тамақтың шырышты қабығының бүлінуі;

    • иіс сезудің, дәм сезудің нашарлауы;

    • бетке әжімнің ерте түсуі;

    • тістің сарғаюы, ауыздан жағымсыз иістің пайда болуы;

    • организмнің ауруға қарсыласуының төмендеуі;

    • темекішілдің созылмалы бронхиті;

    • өкпе эмфиземасы;

    • жүрек-қан тамыр аурулары;

    • асқазан-ішек жолдары аурулары;

    • ерін, ауыз қуысының, өкпе, өңеш, асқазан, көмей, қуық рагы (обасы);

    • Рейно ауруы (аяқ-қол гангренасы).

Шылым шегудің жағымды салдары теріс зардаптарына қарағанда анағұрлым аз болып шығады. Аталған «жағымды» жақтары шындығында олай емес.
Жауаптарды құрастыру жұмысына 10 минут бөлінеді. Аудиториямен жұмыс және жауаптарды талқылауға 10 минут бөлінеді.
Топтардағы жұмысты аяқтағаннан кейін әр топтың лидері қабырғаға немесе тақтаға жауаптары жазылған парақтарды іледі және команданың жауабын оқиды.
Оқушылармен зардаптардың әрқайсының (теріс және жағымды) шылым шегушінің ғана емес, оның айналасындағы адамдардың денсаулығына қалай әсер ететінін талқылау қажет.
Тренингті өткізгеннен кейін, оқушылардан келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:
-Шылым шегудің зардаптары шылым шегушінің және оның айналасындағы адамдарға қалай әсер етеді?
-Өзіңіз үшін жаңа бір нәрсе білдіңіз бе?



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет