Таќырып:№9 К. Кречмер, У. Шелдон,Э. Фромм, К. Леонгард, А. Е. Личко бойынша мінездіѕ жіктелуі



бет8/12
Дата14.04.2022
өлшемі250,67 Kb.
#139397
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
К.Кречмер У.ШелдонЭ.Фромм К.Леонгард А.Е.Личко

10 Экзальтивті тип. Қарым-қатынас жоғарылығымен, сөзшеңдігімен, махаббатқа тұрақсыздығымен сипатталады. Бұл типті адамдар жиі пікір таластырады, бірақ ашық қақтығыс жағдайына әкелмейді. Өздерінің жақын туыс, достарына адал, өте сезімтал. Басқалардың қайғысына ортақтасатын, талғамдары жоғары, сезімдері терең, адал, тұрақты. Көңіл-күйі тез өзгеріске ұшырайды, байбаламға түсушілік.

  • Экстравертті тип. Бұл адамдардың қарым-қатынас аймағы өте кең, достары өте көп,сөзшеңдігі мылжыңдыққа ұласатын, кез келген информацияны қабылдауға даяр, қақтығысқа сирек түсетін, түскен күнде пассив рөл атқарушы адамдар. Достарымен қарым-қатынаста, жұмыс бабында, жанұяда басшылықты басқаларға ұсынады. Оларға бағынады, солардың көлеңкесінде, қалтарыста қаоғанды ұнатады. Басқалардың айтқанын шыдамдылықпен аяғына дейін тыңдай алады, бастаған істі аяқтайды, өзінен сұраған барлық істі тиянақтылықпен атқарады. Басқалардың ықпалына тез түседі, жеңілтек, қйын-сауыққа құмар, өсек, әртүрлі сөздер таратуға құмар.

12 Интравертті тип. Жоғарғы типке қарама-қарсы тип. Қарым-қатынас аймағының тарлығы, шындық, өмірден бөліну, тұйықтық, пәлсапалыққа құмарлық. Бұндай адамдар жалғыз болғанды ұнатады. Егер өзінің жеке өміріне қол сұғатын болса, қақтығысқа түседі. Басқа адамдарға байланыс қатынасы әлсіз, эмоционалды суық идеалистер. Жағымды жақтары: принципшілдік, айтқанынан қайтпау, тұрақтылық, сөзіне беріктілік. Жағымсыз жақтары: ойдың регидтілігі, өзінің айтқанын шамадан тыс жақтау, шамадан тыс беткейлік. Мұндай адамдар барлық жағдайда өздерінің көзқарасын білдіреді. Көзқарастары кей жағдайда дұрыс болмаса да айтқандарынан қайтпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет