Гипертимді тип. Бұл типті жасөспірімдер қарым-қатынасы жоғары, қимыл-қозғалысы ширақ, қалжыңға бейім. Өздерінің ортасында шулы, көңіл-күйі жоғары. Өте жоғары қабілеті бар, бірақ тұрақсыздығының нәтижесінде сабаққа дайындығы біркелкі емес. Көңіл-күйі үнемі жақсы, жоғары. Ересектермен, ата-аналармен, ұзтаздармен қарым-қатынаста қақтығыстарға түседі. Мұндай жасөспірімдердің қызығушылықтары өте көп, алайда ол қызығулар терең емес, ат үсті, тез өтпелі. Олар өздерінің бағасын асыра сілтеп бағалайды, өздерін шамадан тыс мақтайды, өздерін көрсетуге тырысады.
Циклойдты тип. Апатияға бейім, өте қызба. Бұл типті жасөспірімдер үйде жалғыз қалғанды ұнатады, өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасамайды. Айналадағылардың ескерпелерін қабылдамайды, қабылдаған күнде өте қызба, жағымсыз түрде өтеді. Көңіл-күйі жоғарыдан өте төмен деңгейге тез ауысып отырады. Көңіл-куйінің ауысуы 2-3 апта.
Лабильді тип. Мінезі тұрақсыз, көңіл-күйі жиі өзгергіш, көңіл-күйдің өзгегенін дәл атап айту қиын.Көңіл-күйінің өзгеруіне кез келген ұсақ-түйек әсер етуі мүмкін. Мысалы: біреудің қалжың сөзі, көзіне тіке қарау т.б. Ешқандай көзге көрәнетін жағымсыз нәрселер болмаса да олар түңілуге, рухының төмендеуіне дайын. Болашағы мен өткені өздерінің көңіл-күйіне байланыста жарқын, ашық түсті немесе түңілген, қара түсте қабылдануы мүмкін. Мұндай жасөспірімдер көңіл-күйі жабырқау кезінде өздерінің жанын түсінетін адамдардың көмегін қажет етеді.