Астеникалық – грек тіліне аударғанда “әлсіз” деген мағынаны білдіреді. Олар бала кезінен өте нәзік және сезімтал болып келеді. Нәзік, арық, ұзын, кішкене иықты, беті ұзын, жіңішке, бозарып тұрады.
Атлеттік – грек тілінен аударғанда “күрескер” дегенді білдіреді. Бұлшық еттер мен қаңқалары жақсы дамыған, толық, мықты, ұзын, кең иықты.
Пикниктік тип – грек тілінен аударғанда “тығыз” деген мағынаны білдіреді. Толық, орта бойлы, үлкен қарынды, қысқа мойынды. Беті кең, жұмсақ, домалақ болып келеді.