Дәріс мақсаты: Мектепке дейінгі мекемеде заттық - кеңістік және оның диагностикасын түсіндіру
Тақырыпқа арналған сұрақтар: Білім беру мекемелерінде білім беру ортасын құру мәселесі туралы түсінік
«Дамытушы орта» ұғымына түсінік
Ортаның тұлға дамуына тигізетін әсеріне байланысты ғалымдардың пікірі, жіктеген қағидалары
Қазіргі кезде әр түрлі білім беру мекемелерінде (балабақшада) білім беру ортасын құру мәселесі туындап отыр: өсіп келе жатқан жеке тұлғаға қоғам көзқарасы өзгереді, авторитарлы педагогика орнына жеке тұлғаға бағытталған балаларды тәрбиелеу моделі келді – мұның барлығы ұйымдаструшылық өзгерістерді талап етеді. Қазіргі заман педагогикасында білім беру ортасы білім процесінің субъектілері, материалы, білім беру жүйелері және олардың элементтері арақатынасы аумағы және әлеуметтік - мәдени кеңістік бөлігі ретінде қарастырылады, нақты мақсаттармен анықталады:
балалар тұлғалық, әлеуметтік, интеллектуалды дамуы бойынша бағаланады.
Мектепке дейінгі тәрбиелеуде «білім беру ортасы» ұғымы орнына «дамытушы орта» ұғымы қолданылады. Дамытушы орта ретінде педагогтар ұйымдастырылу (рухани, заттық-кеңістік), әрекет орындалуы (оқу, ойын, еңбек), мазмұны (бағдарламалар, әдістер, жұмыс тұрлері, т.б.) реттінде қарастырады. Ортаның тұлға дамуына тигізетін әсерін ескере отыра Л.И. Новикова ортаны балалар қажеттіліктеріне жақындату керек деп есептейді.
Н.А.Короткова «Мектепке дейінгі ересек жастағы балалармен сабақтарды серіктестік формасында ұйымдастыру үшін жұмыста, талқылауда, зерттеуде тең дәрежеде қатысуға мүмкіндік беретін дөңгелек үстел жағдайына барынша жақындау керек. Бұл шыныменде жұмыс істеу, зерттеу барысында қолданылатын материалдар орналасқан бірнеше үстел айналасында немесе қатысушылардың кілемде еркін орналасауы немесе дөңгелек үстел болуы мүмкін (Н.А.Короткова « Ересек мектепке дейінгілердің танымдық-зерттеу әрекеті»)
Ересек мектепке дейінгілердің танымдық-зерттеуін ұйымдастыру бойынша бірнеше мәселелерді атауға болады:
топ ішінде заттық-кеңістік ортада белгіленген орын мен материалдарды белгілі бір әдіс бойынша қолдану, тақырыптық аймақтарға бөлу балалардың өзіндік әрекетін түрлендіріп әрі шығармашылықпен қолдануына мүмкіндік бермейді;
балалардың қызығушылығы бойынша айналадағы жиһаздың, ауырлығы, еденге шегеленіп тұруы, заттарды алсоқтығы топтағы кеңістікті өзгертуге мүмкіндік бермейді;
ұйықтайтын бөлмелерде материалдар мен жабдықтарды орналастыру балалардың белсінділігін ұйымдастыруға, еркін жүріп ойнауларына қажетті кеңістікті тарылтып қана қоймай, жалпы мағынасы жоқ нәрсеге айналдырып, тиімсіз етеді. Себебі үй жағдайында баланың төсек тұратын бөлмеде ойнауына тыйым салынбайды. Төсектердің норматив бойынша орналасуы 0,65м., қабырғадан-0,6м. болуы тиісғ, ал ол балалармен ұйқыдан тұрған соң немесе ұйқыға жатар алдында сауықтыру шараларын жүргізуге мүмкіндік бермейді;
балалардың қызығушылығы бойынша айналадағы жиһаздың, ауырлығы, еденге шегеленіп тұруы, олардың эстетикалық көркемдігінің төмендігі балалардың тақырыптық бұрыштардың мазмұнына қызығушылығын төмендетеді;
балаларды дамытушы орталарды әсемдеуге кірістірмеу, көптеген ойыншықтар мен еркін өз беттімен жұмыс істеуге арналған материалдарға жақындатпайтын болсақ, онда олар үшін бұл заттардың керегі болмай қалады да ал балалар үйден әкелген ойыншықтарымен ғана ойнайтын болады;
дамытушы орталықтарға қойылатын материалдар мен ойыншықтарға балалар қызығушылығын арттыру үшін, тәрбиеші оларды балалармен бірге безендіріп, уақытына қарай түрлендіріп, жаңартып, ортаны тартымды ете білуі керек.
Біз В.А.Ясвиннің заттық-кеңістікті ортадағы ұйымдастырылатын әрекеттер өзара байланыста болу керек дегенді айтады және бұл көпшілік қолдауын тауыр отыр. Себебі ортадағы әрекеттің бір түрінен екінші түріне өту барысында ортаның бала жағынанда, тәрбиеші жағынанда басқаруға ыңғайлы болуы маңызды.
МДҰ-дағы заттық дамытушы ортаның талдау картасын жоспарлау үрдісінде, Л.В.Колмийченко, Е.Ф.Олейниченко, А.А.Метечко заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру бойынша кепілдемелерді қолдану негізінде МДҰ -дағы заттық дамытушы орта келесі жағдайларды ескеруі тиіс деп мыналарды атады:
қиял, ес, ойлау, қабылдау және т.б. психикалық процестердің сапалы және мезгілімен дамуына көмектесуі керек;
әлеуметтін, мәдениеттің негізгі элементтеріне сәйкес оның мазмұны құрылуы керек;
оның негізгі объектілері әр түрлі әрекет түрлеріне (танымдық, ойындық, сөйлеу, коммуникативті, қимыл-қозғалыс, оқу және т.б. кіріктірілуі тиіс;
бастмашылдық, белсенділік, өзіндік әрекет, эмоционалды, динамикалы, тұрақтылық және т.б. негізгі принциптер бойынша ұйымдастырылуы керек (В.А.Петровский);
баланың жеке әлеуметтік-психолгиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып балалардың біріккен және өз бетімен жұмыс істеу әрекетін қамтамасыз етуі тиіс;
баланың эмоционалды-жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп, ол үшін жеке орындар («демалу бұрыштары», «менің көңіл-күйім», «мен ең, ең, ең», «біз барлығымыз бірегейміз және біз дарындымыз», «өз өзін бағалау», «ақпараттық тақталар, дидактикалық ойындар, айналар») және т.б. болуы керек;
баланың жеке қызығушылақтарын, қабілеттерін, қажеттіліктерін есепке алу олардың таңдау еркіндігіне құқық береді;
балалардың жастық және жыныстық ерекшеліктерін есепке алу жастық және материал мен жабдықтардың гендерлік бөлінуін ұйғарады.
Критериилер
Бал
Ескерту
1. Заттық орта құрлымы
1.1 Оңаша қалу бұрыштары мен әр түрлі аумақтардың болуы
1.2 Жыныс бойынша бөліну әрекет түрлерінің заттары мен атрибуттарылық болуы.
1.3 Адамдық құндылықтарды дамытатын заттар (ту, елтаңба, өнер туындысы т.б.)
1.4 Дидактикалық ойындар,сюжетті-рольді театр-ландырылған ойындар-дың болуы
1.5 Қатынастын әр түріне қолдану үшін көркем әдебиет, оқу құралдары, бейнелеу және музыкалық құралдар, аудио-видео құралдар-дың болуы
1.6 Балбақшаның барлық бөлмедерінің қолда-нылуы (музыкалық және дене шынықтару залдары, асхана, әдістемелік кабинет, топтар, бөлмелері т.б.)
1.7 Ортаның эмоционалды ұстамдық компоненті
1.7.1 Эмоционалдық
1.7.2 Эмоциогендік
2. Орта қасиеттері
2.1 Заттар, атрибуттарды кепенді түрде қолданыс-қа алу (әрекеттің барлық түрі бойынша)
2.2 Заттардың көп қасиеттілігі
2.3 Ортаның динамикалығы(өзгеруі)
2.4 Балаға барлық заттардың қол жетімділігі
2.5 Ортаның өзгеруіне баланың қосылу мүмкінші-лігі
3. Педагогикалық бүтіндік(целесообразность)
3.1 Жас бойынша бөлу
3.2 Жеке ерекшелік бойынша бөлу
3.3 Ортаның педагогикалық бағыттылығы
3.4 Баланың жан-жақты дамуына кеніп беру
3.5 Ортаның өзгеруге жағдай мен мақсатқа байланысты педагогтің мүмкіндігі