Тақырыптардың соңында бақылау сұрақтары берілген. Оқу құрал қазақ тілінде оқитын биологиялық факультеттердің студенттеріне арналған



бет16/36
Дата25.10.2022
өлшемі6,06 Mb.
#154840
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Байланысты:
микр лаб жаңа

Кесте 2 Автоклав көрсеткіші



Монометр көрсеткіші, атм.



Судың қайнау t-сы

0,5

112

1

121

1,5

127



Сурет 17. Автоклав

Қалыпты атмосфералық қысымды (760 мм сынып бағанасы) нольдік қысым деп есептейді.


Әрдайым белгілі бір уақыт аралығында осы арақатынасты тексеріп отыр керек. Олардың бұзылуы автоклавтың бұзылғанын және оны жөндеу керектігін білдіреді.
Тексеруді былай жүргізеді: автоклавтың стерилизациялау камерасына аздаған фуксин немесе метилен көгін қосып 100г бензой қышқылын құяды. Монометр 1атм көрсеткенде бензой ышқылы балқып, бояумен құйма түзеді, бұл автоклавтың керекті температураны (1210С) беріп тұрғанын білдіреді.
Стерилизациялау уақыты аяқталған соң қыздыру көзін сөндіреді, сөйтіп автоклав монометр стрелкасының 0-ге дейін түскенін бақылайды. Сосын шығарушы клапнды бірте-бірте ашады. Буды бірден төмен түсіргенде стерилизацияланған ыдыстағы мата тығындар жыртылып кетуі мүмкін. Бу толық шығып болған соң қақпақ бұрандаларын (тағы да крест тәрізді) бұрап, ашады. Ашқанда шыққан будан сатан үшін қақпақты өзіне арай аш-қан дұрыс.
Егер стерилизациялау барысында қысым берілген деңгейден көтеріле бастаса, оны қыздыруды төмендете немесе сатандырғы (предохранительный) клапан арқылы будың бір бөлігін шығара отырып, оны ретке келтіреді. Соңғысы қысым жоғары көтерілгенде будың арттығы автоматты түрде шығатындай реттелуі керек.
7.3 Бактериялар саның анықтау әдісі
Есеп камерасында микроорганизмдерді тікелей есептеу – ең тез және дұрыс тәсілдердің бірі. Осы әдістемені сұйық ортадағы микроорганизмдердің жалпы санын анықтау үшін пайдаланады.
Жиі түрде Том-Горяевтің есептеу камерасы балдыр, ашытқы клеткаларын, зең саңырауқұлақтарының спорасын анықтауға бағытталған.
Микроскоптың ұлғайтқыш көрсеткштері окулярда 10-15Х, обьективте 8-40Х төмен болмауы керек. 60-90Х есе көбейтілген обьективпен зерттегенде камераның түбіндегі микробты клеткалар көзге көрінбейді.
Горяев есептеу камерасы – ортасында төрт бұрышты ойсы бар қалың заттық шыны. Ойыс түбіне 400 квадратынан тұратын сетка қондырылған. Сетканың жалпы ауданы 1мм2, кіші квадраттың ауданы – 1/1400 мм2, үлкен квадраттың ауданы – 1/3 мм2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет