Құрал-жабдықтар: Заттық және жабын шынылар, микробиология-лық ілмешек, спирт шамы, пинцет, пипетка, ашытқының таза культурасы, пробирка, мақта, агар-агар, зарарсызданған Петри табақшасы, сұйық сусло, дистельденген су, фильтр қағазы, митилен көгі, карбол фуксині, күкірт қышқылы, Люголь ерітіндісі, спирт.
Жұмыс барысы:
Әдістемені анық өткізу үшін бір заттық шыны бетіне үш «жұғынды» дайындалады: белгілі бір Грам «+» және Грам «-» бактериялар, ортасына зерттелінетін бактерия суспензиясы орналастырылады.
Қақталған препарат дайындалып, жалынмен қақталады, 1 минут 1%-ті генцианвиолетпен боялады. Препаратқа 1-2 минутқа люголь тамызылып, люголь ерітіндісімен шайылады. Келесі кезеңде (этапта) препарат сумен шайылып, 95%-ті этанолдың бір тамшысымен әсер етіледі. Сосын этанол-мен дифференцияланып (15-60 секунд), сумен шайылады. Қосымша фуксинмен 2-3 минут боялып, сумен шайылады. Соңынан препарат МИ-90 объективімен бақыланады.
Сурет 14. Қақталған препарат нұсқасы
Грам «+» бактериялар күлгін, ал Грам «-» бактериялар ашық-қызыл түске боялады.
Зертханалық жұмыс №7
Микроағзаларды өсіру жағдайлары. Залалсыздандыру және оның түрлері. Табиғи және синтетикалық қоректік орталар. Қоректік орталарды залалсыздандыру.
7.1 Қоректік орталармен өсу шарттары
7.2 Клеткалардың бойына заттардың еңуі
7.3 Бактериялар саның анықтау әдісі
7.1 Қоректік орталармен өсу шарттары. Ыдыстарды және қоректік заттарды стерилизациялау әдістері
Микроорганизмдерге сыртқы жағдайлардың әсеріне негізделе отырып, микробиологиялық практикада микроорганизмдердің қырылуына әкеп соғатын бірқатар әдістер жасалған. Стерилизация сондай әдістердің біреуі болып табылады.
Стерилизация дегеніміз қоректік ортадағы, ыдыстардағы, аспаптардағы және лабороториядағы басқа заттардағы микроорганизмдерді және олардың спроаларын толық жою. Олардың стерильдеу үшін жоғары темпе-ратура әсері жиі қолданылады. Спирт шамы жалынында қару арқылы стерилизациялау.
Үлкен емес шыны (таяқшалар, шпатель) және металл заттарды (ине, ілмешек, қандауыр) спирт шамы жалынынан бірнеше рет өткізу арқылы қарып алады. Бұл кезде олардың беткі қабатында тұрған микроорга-низмдер көмірге айналып өртеніп кетеді. Жалында сондай-ақ мақта тығындардың беткі қабатын, ыдыстар мойнын күйдіру арқылы да стерилизациялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |