Тақырыптардың соңында бақылау сұрақтары берілген. Оқу құрал қазақ тілінде оқитын биологиялық факультеттердің студенттеріне арналған



бет11/36
Дата25.10.2022
өлшемі6,06 Mb.
#154840
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
Байланысты:
микр лаб жаңа

Сурет 12. Бөлме термостаты


5.2. Спораларды бояу әдістемесі
Батерия клеткасы қолайсыз ортаның әсерінен сақтану барысында спо-ра түзеді. Спора түзуге тек биологиялық толық қалыптасқан бактериялар бейім. Спора түзу кезеңінде бактерия клеткасында зат алмасу процесінің жоғары деңгейі байқалады. Спора түзілетін аймақта нуклеин қышқылы, белок, липид, көмірсулар, Mg, Ca тұздары көп мөлшерде жинала бастайды. Жоғары температураға төзімталдық қасиет беретін дипиколин қышқылы түзіліп, проспора қалыптасады. Ересек спораға ауысқан фазада жарықтығы төмен проспораның суле сындырғыш қасиеті жоғарылап жарқырайды.
Ересек спора тығыз цитоплазмадан тұрады, ЦПМ-мен көп қабатты қабық құрайды. Ішкі қабат интин, ортаңғысы кортекс, сыртқысы экзин деп аталады. Бактериялардың кейбір түрлері спора бетінде ауа қапшығын – экзоспориумды түзеді.
Бактериялардың спора түзуі үш түрде жүреді: бациллярлы – спора клетканың орталығында орналасады; клостридиальды – спора эксцентраль-ды; плектридиальды- спора екі полюста орналасады. Жетілген споралар әр түрлі пішінді және әртүрлі көлемді болып келеді.
С пора қабаттарының көп болғандығынан қарапайым бояуда препарат анық боялып көрінбейді. Сол себептен төменгі концентрациядағы тұздармен әсер еткен препаратта спора қабаттары босап, бояулармен анық бояла-ды. Спораның протопласты қышқылға төзімтал болып, түссізденбей, негіз-гі бояудың түсін сақтайды. Вегетативті клетканың протопласты қышқыл-дың әсерінен түссізденіп, қосымша бояудың түсін береді.Спора түзудің түрін анықтап, споралардың клеткадағы орналасуын анықтау үшін «жұғындыны» жас культурадан (24-48 сағаттық) алған дұрыс. Микроорганизмдердің спора түзуге бейімділігін анықтау үшін ере-сек, ескі культураларды алу қажет. Сурет 13. Bacillus mesentericus – тің спора түзуі
Құрал-жабдықтар: Заттық және жа-бын шынылар, микробиологиялық ілме-шек, спирт шамы, пинцет, пипетка, ашытқының таза культурасы, пробирка, мақта, агар-агар, зарарсызданған Петри табақшасы, сұйық сусло, дистельденген су, фильтр қағазы, митилен көгі, карбол фуксині, күкірт қышқылы, Люголь ерітіндісі, спирт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет