N = ______________ . 20000000
0,1. 1/400
Есептеудің дұрыс орындалғанын анықтау үшін 3-4 дәрежелі ерітін-ділермен жұмыс бірнеше рет қайталануы қажет.
Зертханалық жұмыс №8
Микроағзаларды өсіру жағдайлары. Залалсыздандыру және оның түрлері. Табиғи және синтетикалық қоректік орталар. Қоректік орталарды залалсыздандыру.
8.1. Пішен таяқшасы
8.2. Май-қышқыл бактериялар (Pseudomonas)
Микроорганизмдердің бір түрінен немесе бір тобынан тұратын культураларды жинақтаушы деп атайды. Жинақтаушы культуралар алу үшін элективті, яғни микроорганизмдердің бір түріне немесе бір тобына қолай-лы және қосымша бактериялар формасына қолайсыз жағдайлар жасалуы қажет.
Элективті жағдайларға бір қатар көрсеткіштер кіреді: микроорганизмдердің қор заттарын қажет етуі, оттекпен байланысы, рН ортасы, температура, спора түзуге бейімділігі, т.б. Жинақтаушы культураның дамуын қоректі ортаның өзгеше өзгеруімен, пленка түзуімен, пигменттердің бөлінуімен, газдың түзілуімен және микроорганизмдердің «қақталған» және «тірі» препараттарын микроскоптау арқылы анықтайды.
Жинақтаушы культурадан әрі қарай таза культураларды бөліп алады.
8.1. Пішен таяқшасы (Bacillus subtilis)
Құрал-жабдықтар: Заттық және жабын шынылар, микробиологиялық ілмешек, спирт шамы, пинцет, пипетка, ашытқының таза культурасы, пробирка, мақта, агар-агар, зарарсызданған Петри табақшасы, сұйық сусло, дистельденген су, фильтр қағазы, митилен көгі, карбол фуксині, күкірт қышқылы, Люголь ерітіндісі, құрғақ ыстық шкаф спирт.
Жұмыс барысы:
Осы жұмыста қыздыру спора түзбейтін формалардың тіршілігін жоятын фактор болғандықтан, көбеюге пішен таяқшасы, басқа микрофлораға қарағанда көп мүмкіндік алады. Қоректі ортаның спецификлық ерекшелігін ескере отырып құрғақ ыстық шкафка орнаттық.
Пішенді ұсақтап, кольбаға орналастырып, ыстық су құяды (100-150 мл). Колбаға бір шымшы ұсақталған бор салып, 15-20 минут қайнатады. Пішен қайнатпасын 1,0-1,5 см қалыңдықта колбаларға құйып, аузын мақта тығынымен тығындап, 22-250С температураға термостатқа қояды.
Екі тәуліктен соң пішен таяқшасы ортаның бетіне ақ түсті пленка түрінде түзіледі. 3-4 тәулікте культура қартайып, жасыл-сұры түске боялады. Осы пленканы микроскоппен зерттегенде қысқа және жіңішке, ұзын тізбек түзген таяқшалар байқалады. Споралары ортада немесе шетінде орналасады. Басқа микроорганизмдер аз мөлшерде және сирек түрде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |