Тақырыптың атауы


ХIХ тарау. Сүтқоректілер класы, немесе Аңдар



бет11/12
Дата10.06.2024
өлшемі29,46 Kb.
#203299
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
биология 7 сынып бағдарлама

ХIХ тарау. Сүтқоректілер класы, немесе Аңдар (9 сағат).




57.

Кластың жалпы сипаттамасы. Сүтқоректілердің тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Жорғалаушылармен салыстырғанда дене жамылғысының, асқорыту, тыныс алу, қан айналым, зәр шығару, жүйке жүйелерінің, сезім мүшелерінің, мінез-құлығының күрделенуі.
№ 11 зертханалық жұмыс.
Тірі аңдарды бақылау. Сыртқы құрылысы. Сұтқоректілердің қаңқасының құрылысын зерттеу білу. Даяр ылғал препараттардан ішкі құрылысын зерттеп білу.
Ескерту: зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар болмаған жағдайда оларды көрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен алмастыруға болады.

1

58.

Көбейуі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстары.

1

59.

Сүтқоректілердің ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы. Сүтқоректілердің көптүрлілігі.

1

60.

Жұмыртқа салушы ілкіаңдар. Қалталы және ұрықжолдасты сүтқоректілер. Биологиялық ерекшеліктері. Таралу аймақтары және алуантүрлілігі.

1

61.

Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары. Олардың биологиялық ерекшеліктері. Бунақденеқоректілер, Қолқанаттылар, Кемірушілер, Қоянтәрізділер.

1

62.

Жыртқыштар (ит, мысық, аю, сусар тұқымдастары). Ескекаяқтылар. Китәрізділер. Жұптұяқтылар. Тақтұяқтылар. Тұмсықтылар. Приматтар.

1

63.

Сүтқоректілердің негізгі экологиялық топтары: ормандардың, ашық кеңістіктердің (даланың), су қоймалары мен олардың жағалауларының сүтқоректілері. Топырақ астында мекендейтін сүтқоректілер.

1

64.

Қолға үйретілген аңдар. Қолтұқымдарының әртүрлілігі және оларды адамның пайдалануы. Жабайы ата-тектерден шығуы.

1

65.

Сүтқоректілердің маңызы. Олардың табиғаттағы және антропогендік ландшафттардағы сан мөлшерінің реттелуі. Кәсіпшілік және кәсіптік аңдар. Аңдарды жерсіндіру және қайта көшіру. Сүтқоректілерді тиімді пайдалану және қорғау.
Топсеруен:
3. Өлкетану мұражайына немесе хайуанаттар бағына: «Үй және жабайы жануарлар».

1






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет