Курстың ерекшелігі мынаған негізделеді:
Оқушылардың білім жүйелеу;
Жаңа материалды үйренуде және қайталау сабақтарында;
Курсты оқып- үйретуде білік, білім, дағдыларын дамыту және қалыптастыру.
Ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, өздігінен төмендегі тақырыптарды қорғау.
Сабақтағы проблеманы жоба құру арқылы шешу.
Курстың тақырыптары бойынша есептер құрастыру.
Күтілетін нәтиже:
Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің негізгі алгоритмдерін, шығару жолының әр-түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана біледі.
Өзінің теориялық білімін практикамен ұштастыра біледі.
Курстың мазмұны: Барлығы- 34 сағат
І. Тригонометриялық теңдеулер.
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер (sin х = а , cos х = а , tg х = а ,
ctg х = а). Алгебралық теңдеуге келтірілетін тригонометриялық теңдеулер. Біртекті тригонометриялық теңдеулер. Көбейткіштерге жіктеу арқылы шығарылатын тригонометриялық теңдеулер. Аттас тригонометриялық функциялардың теңдік шарты арқылы шығарылатын теңдеулер. Тригонометриялық функциялардың қосындысын көбейтіндіге түрлендіру формулалары арқылы тригонометриялық теңдеулерді шешу. Тригонометриялық функциялардың қосу формулалары арқылы тригонометриялық теңдеулерді шешу. Дәрежені төмендету формулалары арқылы тригонометриялық теңдеулерді шешу.
а sin х + в cos х = с түріндегі теңдеулерді шешу. Аралас теңдеулерді шешу.
Достарыңызбен бөлісу: |