Тақырыптық-күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасының



бет2/9
Дата08.02.2022
өлшемі52,75 Kb.
#118553
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3-4 5-6 7-8 тусиник хат ДУРЫСЫ

Түсінік хат

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы нормативтік құқықтық актілерін пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесін ескере отырып құрылған.


«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық);
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрық);
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы);
«ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 бұйрығы;
ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы (өзгерістер мен толықтырулар енгізізу туралы 2021 жылғы 20 тамыздағы №415 бұйрығы 1 қосымша) үлгілік оқу жоспарлары;
4-сыныптағы «Ақпараттық сауаттылық» пәнінің базалық мазмұны:
«Компьютер»: компьютер құрылғылары: компьютерлік және мобильді технологиялардың ескіруі ғылыми-техникалық прогреспен байланысты екенін түсіндіру. Қауіпсіздік: сенімді пароль критерийлері;
«Ақпаратты ұсыну және өңдеу». Мәтін: мәтіндегі кестелер. Презентациялар: слайдтың макеті; объектілердің анимациясы; бейне мен аудионы орналастыру. Мультимедиа: бейнеролик жасау.
«Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу: компьютерде файл мен бумаларды іздеу; ақпарат алмасу: браузерді реттеу (бетбелгі, журнал мен жүктеу); электрондық пошта: хабарлама қабылдау және жіберу, файлдары қоса берілген хабарлама.
«Есептей білу»: алгоритмдер: енгізілген циклдер, логикалық операторлар, салыстыру операторлары. Программалау: программалау ойын алаңында айнымалыларды қолдану; жеке сценарийі бойынша ойын әзірлеу.
«Робототехника»: түс датчигі; ультрадыбыс датчигі.
Бастауыш сыныптарда «Ақпараттық сауаттылық» пәнінің бөлімдері бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. «Ақпараттық сауаттылық» пәні бойынша жартыжылдық соңында «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білімалушы оқу жылында сабаққа қатысумен бірге оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет