Түсінік хат 2021-2022 оқу жылында 5-9 сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған Информатика пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы» (№9 қосымша) бойынша жүзеге асырылады 5-9 сыныптардағы «Информатика» пәнін оқыту білім алушыларды қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін компьютерлік жүйелер, ақпараттық процестер, компьютерлік ойлау саласындағы базалық біліммен және дағдылармен қамтамасыз етуге бағытталаған
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы нормативтік құқықтық актілерін пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесін ескере отырып құрылған.
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық);
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496с бұйрық);
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы);
«ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 бұйрығы;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы №415 бұйрығына (6 қосымша), 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістермен мен толықтырулар енгізу туралы (6 қосымша) бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарлары;
6-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны: «Компьютердің құрылғылары». Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютерлік негізгі құрылғылардың әрекеттестігі;
«Программалық қамтамасыз ету». Операциялық жүйелердің негізгі функциялары. IDE (ай ди и) (Integrated Development Environment (интегрейтед девелопмент энвайронмент)) интерфейсінің мүмкіндіктері;
«Компьютерлік желілер». Сымсыз байланыстың артықшылықтары;
«Ақпараттық объектілерді құру және түрлендіру». Мәтіндік құжаттардағы сілтемелерді ұйымдастыру. Сілтемелер. Гиперсілтемелер. Мазмұны. Реферат құру;
«Модельдеу». 3D-модельдер қолдану мысалдары. 3D-редактордың мүмкіндіктері. 3D-редакторының графикалық примитивтерді құруға арналған құралдары. Айналу денелерін құру және түрлендіру. 3D-редактордағы объектілердің модельдері. Басып шығару үшін 3D-үлгіні экспорттау. 3D-баспаны баптау;
«Алгоритмдер». Python (пайтон) тіліндегі сызықтық алгоритмдер.
«Программалау». Бағдарламалау тіліннің алфавиті және синтаксисі. Мәліметтер типтері;
«Эргономика». Эргономика міндеттері (барынша жайлылық пен тиімділік үшін);
«Ақпараттық қауіпсіздік»". Интернетке тәуелділіктің проблемалары. «Авторлық құқық», «плагиат» ұғымдары. Авторға сілтеме жасайтын ақпаратты сақтау.