Ситуациялық есеп 3 Сіз перзентхананың қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге жедел жәрдем көлігімен 32 жастағы жүкті әйел ішінің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, жыныс жолдарынан аздап қанды бөліністерге келіп түсті.
Тапсырма: Пациентке сұрау жүргізіңіз.
Диагноз қойыңыз.
Ажырату диагностикасын жүргізіңіз.
Жүргізу әдісін анықтаңыз.
Объективті:
Жағдайы қанағаттанарлық. Пульсі 76 рет минутына. АҚҚ 120/80 мм. сын.бағ. екі қолында. Тері жабындылары қалыпты түсті. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры және көкбауыры пальпацияланбайды. Ұрғылау симптомы екі жақтан да теріс. Несеп шығаруы қалыпты, ауру сезімінсіз.