КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша әлі де тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселелер аз емес.
Солардың бірі - сөйлем мүшелерін оқытудың жолдарын айқындап көрсету.
Сөйлем мүшелері синтаксистің күрделі мәселелерінің бірі. Синтаксистік талдау жасауда негізгі рөлді атқаратын - сөйлем мүшелері.
Сондықтан да «сөйлем мүшелерін оқытуда бүгінгі күні қандай әдіс-тәсілдер қолданылып жүр? Олар сөйлем мүшелерін оқытуда тиімді ме?» деген сұрақтар өзінен өзі туындайтыны сөзсіз. Демек, осы мәселелерді шешу барысында, сөйлем мүшелерін оқытудың тиімді жолдарын анықтау - тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қазақ тілін оқыту әдістемесінде өзіндік орны бар сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді айқындау жұмысымыздың мақсаты болмақ. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді орындауға ұмтылыс жасалды:
•Сөйлем мүшелерін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтап көрсету және оны мысалдармен дәлелдеу;
•Сөйлем мүшелерін оқытуда жаңаша технологияны қолданудың өзіндік сипатын ашу;
• Сөйлем мүшелерін оқытудағы тест жұмыстарына тоқталу;
Жұмысты орындау әдістері. Жұмысты жазу барысында ғылыми сипаттама, талдау жасау әдістері қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: |