|
Райса Қыстаубаева,
Бейнеу гимназиясының тарих пәні мұғалімі.
Бейнеу ауданы,
Маңғыстау облысы
|
Сыныбы: 10
Пәні: Қазақстан тарихы
Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі
Сабақтың мақсаты: Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің әлсіреуін және ішкі талас-тартысты пайдаланған патша үкіметінің хандық өкіметті жойып, басқарудың жаңа әкімшілік басқару жүйесін енгізуін, отаршылдық тәртіпті күшейтуді көздеп, 1867-1868 жж. әкімшілік реформаны қабылдағанын, сонымен қатар XIX ғасырдың 80-90 жылдарында қазақ жерінде енгізілген басқару, сот реформаларының отаршылдық, таптық мәнін ашып, анықтау.
Сабақтың міндеті: 1. Патша өкіметінің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуінің отаршылдық сипатын ашу.
2. Қазақ жеріне жүргізілген реформаның жағымды және жағымсыз жақтарын көрсету.
3. Өз ойларын тұжырымдай білу.
Сабақтың нәтижесі:
Оқушылар 1822,1824 жылғы реформаның қабылдануының мақсатын және
1867-1868 жж. қабылданған реформа бойынша қазақ жері қандай әкімшілік
бөліктерге бөлінгенін біледі.
2. 1886-1891 жылдары қабылданған реформаның алдыңғы реформалардан ерекшелігін
салыстырады.
3.Сын тұрғысынан ойлау дағдылары мен біліктіліктерін шыңдайды, білетін ақпараттарын жаңа мәліметтермен толықтырады, өз пікірін еркін айта алады, салыстырмалы көзқарасы қалыптасады.
Сабақтың көрнекілігі: 1. «Қазақстан XIX ғасырдың I жартысында» картасы
2. «Қазақстан XIX ғасырдың II жартысында» картасы
3. Қазақстан Республикасының картасы
4. Интерактивті тақта, слайдтар
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. Оқушыларға бағалау парағын таратып, түсінік жұмысын жүргізу.
Үй тапсырмасын тексеру:
3-деңгей
«Тұлғаны таны» портреттер көрсетіледі. Оқушылар кім екенін тауып, осы тақырыпқа қандай қатысы бар екенін айтады.