Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы



бет2/2
Дата04.07.2018
өлшемі2 Mb.
#46963
1   2

2-деңгей

«Даталар сөйлейді» (Жылдар көрсетіледі, осы жылдарда қандай оқиғалар болғанын айтады)

1731 жылы- 1771-1781 жылдары- 1859 жылы-

1734 жылы- XIX ғасырдың 20-30 жылдары- 1864 жылы

1740 жылы- 1851 жылы-

1757 жылы- 1854 жылы-



1-деңгей

(Шығармашылық деңгей)

Қазақстанның Ресейге қосылуының тиімді және тиімсіз жағын айтады.

Жаңа сабақ:

Жоспар:

1. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы»Жарғы және хандық өкіметтің жойылуы

2.Патша өкіметінің 1867-1868 жылдардағы қазақ жерін әкімшілік-саяси басқару реформасы

3. 1886-1891 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер

130 жылдай уақыт ішінде Қазақ хандығының жері Ресейдің қол астына өтіп, отарына айналды. 1822,1824, 1867-1868, 1886-1891 жылдары қазақ жерлерін басқарудың жаңа реформалары енгізілді.

Оқушыларды осы реформаларды талдап, ерекшеліктерін ашып көрсетіп, қорытынды жасауына мүмкіндік туғызу мақсатында сабақ топтық жұмыс арқылы ұйымдастырылады.Ол үшін 3 топқа тақырыптың 3 жоспарын оқып-танысу үшін бөліп беремін.Әр топ оқушылары мәтінді жеке-жеке оқып дайындалады.

INSERT әдісін пайдаланып оқу.

v білемін

+ жаңа білім


  • түсініксіз

Оқып болған соң топта талқылайды.Талқылау уақыты аяқталған соң оқулықты жауып қояды. Әр топқа карточкалық сұрақтар таратылып беріледі. Сұрақтар бойынша жауапты плакатқа кесте арқылы түсіреді.
1-топқа:

  1. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» қай жылы, кімдердің қатысуымен жазылды?

  2. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша қазақ жерлері қандай әкімшілік бөліктерге бөлінді және басқару ісі қалай жүргізілді?

  3. Жарғы бойынша сот істері қалай құрылды?

  4. «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» Кіші жүзде қандай басқару жүйесін енгізді, ерекшелігі қандай?

2-топқа:

1. Патша өкіметінің 1867-1868 жылдары қазақ жеріне жаңа реформа енгізуінің себебі неде?

2. Реформа бойынша патша өкіметі басқарудың қандай жүйесін енгізді?

3. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар қалай құрылды?



4. Реформалар салық және жер мәселесіне қандай өзгерістер енгізді?
3-топқа:

  1. Патша өкіметінің XIX ғасырдың 80-90 жылдары жаңа реформа енгізуінің себебі неде?

  2. 1886-1891 жылдардағы реформалар бойынша қандай жаңалықтар болды?

  3. «Ереже» бойынша сот ісіне қандай өзгеріс енгізілді?

  4. Ресей өкіметінің реформалары отарлау мақсатында қандай роль атқарды?

Әр топ дайын болған жұмысын ортаға шығып қорғайды. 3 топтан сұрақ қоюшы оқушыны тағайындау. Олар тақтадағы оқушыға қорғап тұрған жұмысы бойынша сұрақ қояды. Өз жұмыстарын қорғап болған соң интерактив тақтадан слайд арқылы дұрыс жауаптары көрсетіледі. Дұрыс жауаппен салыстырады.





Сабақтың бекіту кезеңінде тақырып бойынша тест сұрақтары беріледі.

  1. Қай хан қайтыс болғаннан кейін патша өкіметі орта жүздегі хандық өкіметті жоюға тырысты?

А) Уәли

В) Бөкей

С) Жәңгір

Д) Абылай

Е) Әбілмәмбет

2. 1824 жылы хандық өкімет жойылды:

А) Қазақ хандығында

В) Орта жүзде

С) Ұлы жүзде

Д) Бөкей хандығында

Е) Кіші жүзде
3.Жетісу және Сырдария облысарын басқару туралы «Уақытша Ереже» қабылданды:

А) 1865 жылы шілдеде

В) 1868 жылы шілдеде

С) 1869 жылы шілдеде

Д) 1866 жылы шілдеде

Е) 1867 жылы шілдеде

4. 1867-1868 жж. реформалар бойынша билерді бекітті:

А) Аға сұлтан

В) Болыс сұлтаны

С) Әскери губернатор

Д) Ауыл старшыны

Е) Жергілікті шенеунік

5. 1897 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының қарауына берілген облыс:

А) Жетісу облысы

В) Семей облысы
С) Торғай облысы
Д) Орал облысы
Е) Ақмола облысы

Оқушылар тест тапсырмасын орындап болған соң, тақтадан жауабы шығарылады. Оқушылар өздерін тексереді.



Қорытындылау

Бағалау критериі бойынша бағалау. Шығу парағын толтыру.

Үйге тапсырма беру:

1. §31.« Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі» тақырыбын оқу



2. Реформаның қазақ елі үшін жағымды және жағымсыз жақтарын жазып келу.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет