2.2. «Толқын» өлеңінің көркемдік ерекшелігі.
Ахмет Байтұрсынов Мағжан поэзиясы жөнінде пікір қозғайды. «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде ғалым өлең табиғатына байланысты тексерулерін үнемі Мағжан шығармаларына сүйейді, Абай туындыларымен бірге үлгі есебінде ғалым өлең табиғатына байланысты тексерулерін үнемі Мағжан шығармаларына сүйейді, Абай туындыларымен бірге үлгі есебінде ұсынады. «Әдебиет танытқышта» Мағжанның толқынды қалай кескіндегені көрсетілген. [3, 74б.], Сыршыл Мағжан табиғат құбылыстарын жандандырып адам кейпінде суреттеу, яғни тілдің көркемдегіш тәсілдеріне жататын құбылту – троптың кейіптеу тәсілін де шебер таңдаған. Әркім дүниені әрқилы көреді, өз жүрегімен таниды. Бірақ сол дүниенің көңілге түскен әсерін бәріміз бірдей қалыбында шынщылдықпен көркем кестесіне түсіріп бере алмаймыз. Ол хас таланттың қолынан ғана келмек.
«Толқын» өлеңі тұтастай керемет әсер етеді. Көз алдымызға үлкен айдын орнатады. Мың құбылған сезімге бөлейді. Мағжан толқынға жан бітірген. Толқын жылан болып бүктетіледі, не балаша былдырлайды. Жансыз дүниеге «жан бітіріп» кейіптеудегі Мағжан жеткен өренін үлкен ақынымыз Әбділдә Тәжібаев ақындықтың биік мәдениетіне балайды. Мағжан жазбалары – ешқашан ескірмес жазбалар. Бүгін оқысаң – бүгінгінің, ертең оқысаң – ертеңгінің сырын айтуға жарайды. Әбекеңнің Мағжанды «өзі бір жанып тұрған жарық сияқты» деуі осындай ойлардан туса керек. «Толқын» өлеңінде, - деп жазады Ә.Тәжібаев, - «Ақын өзен, тұнған теңіз дүниесі де ақын өмірінің бір шындығы секілді. Судағы қуаныштың қалай басталып, қалай аяқталғаны алты жолдық өлеңді ұзақ хикаяға айналдырып жібергендей.» - дейді.
Өлеңнің композициялық құрылымы ерекше. Ақын өмірдің бар болмысын толқынның тууы мен өлуі арасына тізбектей отырып көркем безендірген. Өлең композициясында ақын үн үйлесімін:
Толқыннан толқын туады,
Толқынды толқын қуады,
Толқынмен толқын жарысад, - деп аллитерациялық тәсіл арқылы шебер берсе, өлең ырғақ, өлшем, ұйқас арқылы да сазды, әуезді құрылым түзген. Анафоралық қайталаулар ақынның салмақ түсіретін ойын ерекшелей түскен. Осылайша ақын «Толқын» өлеңінде терең толғанысты, әуезді әсем сурет жасаған.
Достарыңызбен бөлісу: |