«Толқын» өлеңіне сатылай кешенді талдау
Авторы: Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын.
Тақырыбы: Тақырып автордың айтайын деген ойының негізгі арқауы. Бұл өлеңің тақырыбы – адам ғұмырының соңына дейін өмірдің әр сынағына төтеп бере алуы.
Жанр түрі поэзия (өлең) .Себебі, өлең - дегеніміз белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі. Ақын поэзия құдіретін адам өмірімен байланыстыра қабылдайды.
Идеясы - автор тақырып арқылы табиғат көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Ақын сөз арқылы өз мақсат-мүддесін, арманын білдіреді. Мағжан Жұмабаев «Толқын» атты өлеңін өзінің керемет тіл байлығымен, әдебиеттің көркем сөздері арқылы сөзбен салып, суреттеп бізге бай қазынасын қалдырып кеткен. Ақынның табиғатқа, өмірге деген құштарлық адам рухын жандандырып, сезімін сілкіп оятатындай күшті де тегеуірінді де өмір гимні іспетті. Автордың айтайын деген ойы – аға буынның жолымен өмірдің сан түрлі сынақтарынан сүрінбей өтіп, жүріп өту.
Бұл өлең 4 шумақтан тұрады. Шумақ – дегеніміз аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.
Тармақ – дегеніміз бұл өлеңің әр жолы. Өлең 6 тармақты.
Бунақ саны – 2 бунақты. Бунақ – бұл өлең жолының белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.
Толқыннан // толқын туады, //
Толқынды // толқын қуады, //
Толқынмен // толқын жарысад. //
Күңіренісіп // кеңеспен, //
Бітпейтін // бір егеспен //
Жарысып // жарға барысад.
Буын саны- сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты болады. Өлең жолының буын саны – 7-8 буынды.
Тол-қын-нан тол-қын ту-а-ды,
Тол-қын-ды тол-қын қу-а-ды,
Тол-қын-мен тол-қын жа-ры-сад.
Кү-ңі-ре-ні-сіп ке-ңес-пен,
Біт-пей-тін бір е-гес-пен
Жа-ры-сып жар-ға ба-ры-сад.
Ұйқас түрі – аралас ұйқаспен жазылған. (А-А-Б-В-В-Б). Ұйқас – бұл соңғы сөздері бір-бірімен үндес, дыбыстары да бірегей жақын, ол өлеңнің бүкіл бітімімен, мазмұнымен тамырлас келіп, оған ерекше саз, әуен беретін өлең тармақтарындағы сөздер үндестігі.
Әдеби теориялық ұғымдар:
Троп немесе құбылту дегеніміз – сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынада қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. Тропқа жататын эпитет пен кейіптеу.
Эпитет дегеніміз – заттың айрықша белгілерін, ерекше сипаттарын, қасиеттерін білдіретін сөз. Эпитет: Меруерт көбікке оранып.
Кейіптеу – жансызға, жансыз көрініске, затқа жан бітіре суреттеу.
Кейіптеу: 1) Ерке бала былдырлап,
Сылдыр, сылдыр, сылдырлап
2) Мөлдірлетіп көз жасын,
Жасымен жуып жартасын,
Сүйіп сылқ-сылқ күледі
Метафора яки ауыстыру - сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту. Суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас, өзге затқа не құбылысқа балау, сөйтіп, мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту.
Теңеулі метафора: Жыландай жүзге бұралып .
11. Түсіндірме сөздік. Толқын – ай мен күннің тартылыс күштерінен, желдің әсерінен, атмосфералық қысымның ауытқуларынан, су асты жер сілкіністері мен жанартау атқылауларынан немесе кеме қозғалыстарынан пайда болатын теңіздер мен мұхиттардағы сулы ортаның тербелмелі қозғалысы.
Достарыңызбен бөлісу: |