Тақырыпты тексеру сұрақтары
Менеджмент сөзі қай тілден енген?
(Ағылшын, мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру, ) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.
Менеджмент теориясын алғашқы ұсынған кім?
Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915) есептеледі.
Менеджмент сөзі ағылшын тілінің Оксфорд сөздігінде қалай берілген?
Адамдармен қарым – қатынас жасау әдебі.Билік пен басқару мәдениеті. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды. Басқару органы, әкімшілік бірлік.
Менеджменттің неше түсінігі бар? Қандай?
- қызмет түрі, түрлі ұйымдардағы адамдарды басқару үрдісі,
- адам білімінің саласы, ерекше өнер, басқару дағдысы,
- басқару бойынша жұмысты орындайтын, сала, кәсіпорын, бөлімше менеджерлерінің жиынтығы (тобы), адамдардың белгілі бір категориясы.
Америка экономисі В.В.Леонтьевтің анықтамасын ата
Америка экономисті В.В.Леонтьевтің анықтамасы бойынша «менеджмент бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновация, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен нышандарының жиынтығы».
Менеджмент сөзінің анықтамасы
Менеджмент дегеніміз мәлім ұйым, не кәсіпорынның мәлім жоспар мен ережеге сай өз-өзін теңшеп, дұрыстап, бейімдеп, мәлім айқын мақсатқа жете алуы.
Менеджмент дегеніміз маман, құрал-сайман, ресурстар, қазына секілділермен қатар тұратын өндірістің өте маңызды буыны.
Басқару принциптері дегеніміз не?
1.Орталықтан және жергілікті жерден басқаруын ыңғайлы байланыстыру.
2.Құқықтарды, міндеттемелерді және жауапкершілікті байланыстыру.
3.Басқаруды демократизациялау.
Э.Петерсон мен Э.Плоумен менеджмент ұғымына қандай түсінік берді?
Бұлар батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті» ұйымдастыру кітабының авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазады: «Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалына үкіметті алуан түрлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға, әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді, айқындалады».
Басқару дегеніміз не?
Басқару – белгілі бір бағыттағы іс-қимылды өзгерту мақсатында ақпарат арқылы бір жүенің келесі жүйеге ықпал жасауы.
П.Дуркер менеджменттің мақсатын қалай көрсетті?
1. Адамдарды бір мақсатқа жұмылдыру. Онсыз көпшілікті бір ұжым жасай алмайсың.
2. Әрбір қызметкердің қажетін білу, мүмкіндігінше оны қанағаттандыру.
3. Адамдардың өзін-өзі дамытуын естен шығармау.
4. Жұмыс істейтін адамдардың кәсіби шеберлігі мен дағдысы, білімі әр түрлі және олардың атқаратын қызметі де әр түрлі болғандықтан, олардың өзара қарым-қатынасы өзара түсінушілікке құрылуы керек.
5. Өндірісті шығарған өніміне қарап бағалауға болмайды. П.Друкер менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге талпынбайды. Оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады
Менеджмент - өзін-өзі басқару, реттеу, нәтижеге жетудің тиімді амалы деп айтқан ғалым?
Вернер Зигерт пен Лючия Ланг
Достарыңызбен бөлісу: |