Тажд-Махал-жемчужина мусульманской архитектуры средневековья



бет1/7
Дата23.11.2022
өлшемі313,5 Kb.
#159523
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7

Шағын жинақты бастауыш мектепте сабақты ұйымдастыру мен оның формалары

Жоспары:

  • Жоспары:
  • 1.Шағын жинақты мектептің ерекшелігі неде?
  • 2. Шағын жинақты мектепте сабақты ұйымдастыру мен формалары қандай?
  • 3.Шағын жинақты мектепте сабақты ұйымдастыру мен жоспарлардың тиімді жақтарын атаңыз?

Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады:

  • Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады:
  • Бақылаудың орнына ынталандыру; Мәжбүрлеудің орнына кеңес беру; Ауыстырудың орнына сенім білдіру; Үгіттеудің орнына түсіндіру; Басқарудың орнына қатысу; Айғайлаудың орнына әзілдеу; Кінәлаудің орнына қорғау; Бұйрық беріп тексерудің орнына кәсіби көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу.
  • Н. Ә. Назарбаев

 

  •  
  • Қазіргі таңда республикамыздың түпкір-түпкірінде орналасқан шағын елді-мекендердегі мектептердің басым көпшілігі – шағын жинақты мектептер. Мұндай мектептер саны тәуелсіздік алған жылдардан кейін жыл сайын өсіп келе жатқаны белгілі. Себебі ауыл халқының тіршілік қамымен қалаға қоныс аударуы көбейген сайын, елді-мекендерде тұрғындардың саны азаюымен, оқушы саны да кеміп келе жатыр.
  • Шағын жинақты мектеп дегеніміз – тұрғындардың саны аз аймақтарда жұмыс істейтіндіктен, оқушыларының саны аз, біріктірілген сыныптардан, толық емес сыныптардан тұратын, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі. Қазіргі таңда шағын жинақты мектеп:
  • - біріктірілген сыныптармен;
  • - біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды.
  • Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек

1999 - жылғы маусымның 7 - сінде (№389 - І ҚР3) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ - ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып - жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп».

  • 1999 - жылғы маусымның 7 - сінде (№389 - І ҚР3) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ - ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып - жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп».
  • ШЖБМ - те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте - екі сынып, ал бір комплектілі мектепте - үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды. Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтын жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет