адамның еркінен тыс өтіп
кетіп жатқан уақытты тиімді
пайдалануға болады.
Жолда атқарып тастауға болатын шаруалар:
Кітап оқыңыз немесе аудиокітап тыңдаңыз. Жолда көлікте
кетіп бара жатқанда оқитын шағын кітап алып жүріңіз
(немесе қазіргі уақытта кітаптың электрондық нұсқасын
телефоннан оқуға да болады).
Қажетті адамдарға қоңырау шалып, «құрбақа жеп алыңыз».
Тіл үйреніңіз. Кішкене қағаздарға
жаңа сөздерді жазып
алып, жолда жаттаңыз.
Қағазға не кітапқа қарауға мүмкіндік болмайтын жүріп
бара жатқан уақыттарда тіліңіз зікірде болсын.
Мардымсыз көрінген уақыттың өзі маңызды
Біле білгенге уақыт – зор мүмкіндік. Адам әрбір мүмкіндікті
дер кезінде пайдаланып қалмаса, «қолын
мезгілінен кеш
сермері» анық. Себебі бізге мардымсыз көрінген уақыттың өзі
аса маңызды әрі көп нәрсеге әсер ететіндей бола алады.
«Уақыт адамзатпен санаспайды, ал уақытпен санасқан
адаспайды» деп түйген халық
нақылын мына бір ой да аша
түседі:
•
Бір жылдың қадірін білем десең, сыныпта қалған оқушыдан
сұра.
•
Бір айдың қадірін білем десең, нәрестесін сегіз айлығында
босанған келіншектен сұра.
•
Бір аптаның қадірін білем десең, апталық газет шығаратын
редактордан сұра.
•
Бір сағаттың
қадірін білем десең, бір-бірін асыға күткен
ғашықтардан сұра.
•
Бір минуттың қадірін білем десең,
пойызынан қалып
қойған жолаушыдан сұра.
•
Бір секундтың қадірін білем десең, жол апатының алдын
алуға үлгермеген жүргізушіден сұра.
•
Бір милисекундтың қадірін білем десең, әлемдік жарыста
күміс жүлде алған желаяқ жүгірушіден сұра!
?">81
Достарыңызбен бөлісу: