Такырыбы;М. Жұмабаев«Педагогика»еңбегі Орындаған;Джакупов Кадыржан



бет1/9
Дата07.02.2022
өлшемі30,97 Kb.
#83776
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
реферат Педагогика


Реферат
Такырыбы;М.Жұмабаев«Педагогика»еңбегі

Орындаған;Джакупов Кадыржан


М.Жұмабаевтың тәрбие процесіне қатысты көзқарастар мазмұны


Адам баласымен бірге жасасып, бірге өмір сүріп келе жатқан қоғамның қажетті және тұрақты функциясының бірі – тәрбие болып табылады. Әр түрлі тарихи-экономикалық формацияда, әр елде тәрбиенің мақсаты мен міндеттері сол елдің нақты талаптарына сай кейбір өзгеріске ұшырағанымен тәрбиенің негізгі мақсаты – жас ұрпақты өмірге дайындау, оған өз халқының ғасырлар бойы жасап, қалыптастырған әлеуметтік тәжірибелерін үйрету негізінен сақталып келеді.
Олай болса тәрбие – мәңгілік категория. Соған қарамастан тәрбие әрдайым толықтырып, жаңартып отыруды, тіпті басқа халықтардың тәрбиелік тәжірибелерін де үйренуді, меңгеруді талап етеді. Ал оны ұлттық шеңберде қалып қоймай озық тәжірибеге, ғылымға сүйеніп құру, жетілдіру – маңызды міндеттердің бірі. Міне, осы міндетті қазақ қоғамында алғашқылардың бірі болып түсінген, тек түсініп қана қоймай оны іске асыруға баға жетпес үлес қосқан Мағжан Жұмабаев болып табылады. Басқа тәрбие тақырыптарында арналған мақалаларын есетпемегенде оның 1922-1924 жылдары Орынбор мен Ташкентте қатарынан екі рет басылып шыққан, осы уақытқа дейін бірегей ғылыми оқулық болып табылатын «педагогикасы» айрықша орын алады. Бұл шын мәнінде ғылыми еңбек болғанда ұзаққа арналған, маңызы мен мәнін жоймайтын, өз халқына әрдайым нақты пайдасын тигізетін, қоғам мүшелеріне салиқалы ой салатын және олардың назарына үнемі ауадай қажет ұрпақ тәрбиесіне аударатын, ең маңыздысы нақ осы күні дүниеге келіп жатқан тәрбие туралы еңбектерден шоқтығы биік болмаса кем түспейтін қазына.
«Педагогикадағы» қиын, күрлелі мәселелердің бірі тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады. Әрине, ол өзінен-өзі пайда болмайды, ол қоғамдық өмірдің талабынан, объективті қажеттіліктен туады.
Мағжан тәрбиенің мақсатын өте терең тұжырымдайды, ол: «баланы тәрбие қылу тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін, адам шығару деген сөз. Қалса, өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз» – дей келе, тағы да, «тәрбиедегі мақсат сол адамның, ұлттың, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу» – деп жалғастырады.
Сөйтіп Мағжан осы ғасырдың басында-ақ тәрбиенің шеңберін, оның атқаратын қызметін анағұрлым кең көлемде түсінеді. Ол сол кездің өзінде тәрбие түбінде адамдар арасындағы ынтымастықты кеңейтуге, халықтар арасындағы бауырмалдықты нығайтуға қызмет етуге тиіс екендігін баса көрсетіп, өзін ғасырымыздың нағыз гуманистерінің қатарына қояды. Тәрбиенің мақсатын анықтағанда ол бір халықтың, ұлттың шеңберінен шығып, жалпы адамзаттық мұраттарды басшылыққа алып: «Адам өз халқының адамдарын сүюінің үстіне басқа халықтардың адамдарын сүюге де міндетті», - деп бүкіл адамзаттық деңгейден тіл қатады.
Мағжан - өз халқының патриоты. Сондықтан да оны өз халқының болашағы үнемі толғандырған. Ол осы тұрғыдан алғанда тәрбиенің басты міндеттерінің бірі бала бойындағы ұлттық сезімдерді ерте қалыптастыру, оларды халықтың рухани мәдениетімен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрмен кеңінен қаруландыру қажет деп санайды. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері саналып, бұрын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» – деп жазады. Кешегі уақытта біз шын мәнінде тек бір халықты – кеңес халқын құрамыз деген уақытта орыстан басқа халықтардың тәрбие жүйесін тіпті есепке де алған жоқпыз, мектептерде қазақтың халықтың тәрбиесі деген атауды мүлде кездестірмедік. Мұның өзі біздің тәрбиедегі қолға ұстар негізгі қазығымыздан айрылуға әкеліп соқты, қазақ деген аты болмаса заты мүлдем бөлек, шұбарланған ұрпақ өсіп шықты, мазмұны социалистік болғанмен түрі ұлттық болған жоқ. Соның нәтижесінде көптеген халықтармен ұлттар жойылып, тарихи сахнадан шығып қалды, сөйтіп, адам баласының тарихы мен мәдениетіне өлшеусіз зиян келтірді, тәрбие тек империяның мүддесін көздейді, ұлы державалық шовинистік мүддені нығайту үшін қызмет істелді. Кеңес өкіметі жылдарында осындай жолмен 75 ұлыстар мен халықтар жоғалып кетті, 1934 жылы ел бойынша мектептердегі оқу 104 тілде жүргізілсе, 1988 жылы балалар КСРО-да не бәрі 39 тілде ғана білім алды. Мектеп іс жүзінде ұлтсыз мектеп болды.
Демек, тәрбиеде ұлттық ерекшеліктер мүлде сақталмады, ұлттық тәрбие деп айтуға батылымыз бармады.
Мағжанның данышпандығы сонда, ол осыны көріп – білгендей ғасырдың басында, қазақ мектебі құрылып жатқан кездің өзінде осыны көрегендікпен болжай білді. Сол кезде жазған бір мақаласында: «Қазақтың тағдыры, келешегі, ел болуы да – мектептің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегімізге тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізде құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» – деп жазды.
Бұдан артық анық, дұрыс болжам айту қиын. Ұлы адамдар болары болып, бояуы сіңген іске қортынды жасамайды, олар білгірлікпен бағдарлай алады. Мағжан да осындай мінез танытты.

«Педагогика оқулығының қазақ педагогикасындағы орны


1922 жылы 15 қырқүйегінде Қызылжарда өзінің «Педагогика» еңбегі жайлы М.Жұмабаев: «Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда курстарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза – орыс сөздері қазақшаға айналдырылды. Ал енді жиһан тілі болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиіс таппадым». Ақын осылайша ағынан жарылып, өз еңбегін төрт аяғынан тең басқан дүние демейді. Сөйте тұрса да, бұл еңбектің ғылыми әлемді елең еткізген керемет туынды екені хақ. Мағжан Жұмабаев тек қана қазақ педагогикасымен шектелмей, сол кездегі алдыңғы қатарлы әлем, Ресей, ертедегі Рим, грек ғалымдарының (педагогтерінің) еңбектерімен етене таныс болғаны белгілі. Әсіресе, мұғалімдерге аса қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет көрсетуге шақырады. «Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдікі», - дейді ұстаз.

Мағжан өзінің осы педагогикасын 14 ірі бөлімнен құрып, оның өзін бірнеше шағын бөлімдерге бөле отырып, ұқыпты түрде талдау жасап, түсініктеме береді. Сөз басына М.Жұмабаев «Тәрбиені» қояды. Шынында да оның өздік сыры да бар ғой. Баланы өмірге келген бірінші минутынан бастап оқытпайды. Оны тәрбиелейді, бала өмірі тәрбиеден басталады. Сондықтан да болар, «баланы жастан» деп қазақ тегін айтпаса керек. Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше, тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да бірнеше түрлері бар, ол мұның баста-бастыларын ғана айтқысы келген болуе керек. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптіштей түсіндіре келіп, былай дейді: «Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу көз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандағы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын…». «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару», - деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді.

Тағы бір ерекшелік Мағжан дене тәрбиесін бірінші орынға қойған. Дене тәрбиесінің өзін 19 бөлімге бөліп, осы әр бөлімге жеке-жеке тоқтап, түсініктеме беріп педагог ретінде нақтылы дәлелдермен бекітеді.

Адамның дені сау, мықты болып өсуі үшін дене тәрбиесінің алатын орны шын мәнінде ерекше. «Бала аурулы болса, зағып болса, баладан емес, тәрбиешіден», - дейді педагог ақын. Тіпті сол ауыр заман түгіл бүгінгі өмірдің өзінде қай ата-ана тәрбиесіне, туралап айтсақ тәрбиенің барлық түріне көңіл бөле береді.

Мағжан Жұмабаевтың медицина саласынан да құр алақан емес екендігін көреміз. Баланың салмағы, температурасы, дем алу, тамыр соғу, тамақтануы, тіпті емшектен айыруды, тазалық жағдайын, бесік мәселесін, тістің шығуын тәптіштеп үлкен бір сезіммен сипаттап жазады. «Балаға тәртіпсіз тамақ беретін әйел екеу болса, біреуі – қазақ әйелі. Бала ұйқысы қанып оянса да, яки төсегі тынышсыз болып жыласа да, оны шешіп алып қарау жоқ, емшегін аузына сала қояды. Бала түнде ың етсе, бесікті албастыдай басып отырып алады. Емшек балада, ана ұйқыда. Ерте күн түс болды, түс кеш болды. Бала аштан аш жатыр. Қарны ашады, шырқырап ішегі қатып жылайды. Бейшара бала жылап-жылап әлсіреп барып ұйықтайды. Кешке келіп ұйқылы-ояу талып жатқан баланы көріп «құлынымның тамақ іздемей, тәтті ғана ұйықтап жатқанын қарашы» дейтін шешеге не дерсің» – деп қазақтың кейбір әйелдерін сынайды. Бұл бүгінгі күннің тұрғысынан да дұрыс жазылып отырған жоқ па? Өзінің «Педагогикасында» М.Жұмабаев әлемнің алдыңғы қатарлы педагогикасына, мәдениетіне меңзейді. Содан үлгі алу керек, үйрену керек дейді.

Екінші бөлімге Мағжан жалпы педагогика ғылымын қояды. Педагогикасының қандай пән екенін сипаттай келе, онымен етене таныс болу керектігін айтады. Мағжан педагогиканың өзін тәрбие пәні деп пайымдайды. Оған дәлел пәннің аты дейді.

Педагогика пәнін М.Жұмабаев 5-ке бөледі: 1. Жалпы педагогика дейді де, бұған тадамнаң дене, жан күштерін тәрбие қылу жолдарын көрсетеді. 2. Дидактика. 3. Методика. 4. Мектепті басқару. 5. Педагогика тарихы.

Әлемдік педагогиканы меңзей отырып, Мағжан халықтық педагогиканы есінен бір сәт шығармайды. Оны жалпы педагогиканің ең негізі етіп қояды. Бала тәрбиесінде ұлттық педагогиканың, тәрбиенің алатын орны ерекше екендігін мысалдар келтіре отырып дәлелдейді. Ұлттық тәрбиенің құнды жақтарын пайымдап аша отырып, оның кем-кетіктері, жаман жақтарынан безуге шақырады. Осыған орай педагог М.Жұмабаев «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі». «Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесінің жақсылық жағы көп болғаны сықылды, жамандық жағы да көп» – деп жазады. Осыған орай ол педагогтер, тәрбиешілер халықтық педагогиканы қолдана отырып, түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен жақсы таныс болу керек дейді.

Әрине, егеменді елдің мектебі, педагогикасы, ұлттық тәрбие, ұлттық оқуы болуы керек. Халықтық тәрбиесіз біз бүгін жас жеткіншектерді өз елін, халқын, тарихын, мәдениетін сүюге тәрбиелей, баули аламыз.

Мағжан тек қана педагог емес. Адамның көңіл күйін, ішкі жан сезімін терең түсінетін психолог та. Мысалы «Бөлеу һәм бесік» бөлімінде Мағжан «Қазақ қатыны баланы бесікке екі жерден тас қылып байлап тастайды. Бұл балаға зиянды. Бұлай ету баланың қан жүруіне, жүрек соғысына зиянды», - дейді. Бесікті тербету туралы да былай дейді. «Баланы ұйықтатарда, жылағанда шешесі долданып тарс-түрс тербетеді. Қарғап, сілейді. Әлден уақытта бала ұйықтайды. Бұл сау дұрыс ұйқы емес.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет