Талантты және дарынды балаларды оқыту



бет2/6
Дата30.05.2022
өлшемі44,15 Kb.
#145509
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 лек

бірінші зерттеуде мұғалімдер есту қабілеті нашар және ағылшын тілі ана тілі емес ба- лалар үшін кеңейтілген, тапсырмалары танымдық сипаттағы мектепішілік бағдарлама жа- сады. Шектеулі вербалды қарым-қатынасты қолдана отырып, осы тапсырмалар қабілеттің жоғарғы деңгейін көрсетті. Бір тапсырмада қарапайым вербалды қарым-қатынас пен дене қимылын қолдана отырып, олар судың ағысын көрсетті, ал екіншісінде өздеріне және аюға жеткілікті кең үй жасау үшін суретті нұсқауларды пайдаланды; ал үшінші тапсырмада олар әнді тыңдаған соң жауабын жазу үшін әртістік қасиеттерін пайдаланды. Соңында олар жыл- дам сөйлей алмаса да, жоғары деңгейдегі сенімділіктерін, зейінмен тыңдай алатынын және тұрақты қызығушылықтары ұзаққа созылатынын көрсеткен дарынды және талантты балалар екендігі анықталды.

  • екінші жобада балалардың қуанышын және сыныптың сауалнамасына қатысуға дайын екендігін бағалау үшін «бірегей» және «үлгерімі нашар» дарынды және талантты оқушылардың тұрмыстық ахуалын бағалайтын тест пайдаланылды. Алған деректер бойынша бір үлгермей қалған талантты оқушының табысы мен қызығушылығы төмен болғандығын, бірақ со- нымен қатар оның әртүрлі нақты іс-әрекеттерді орындауға қабілетті және оң көзқараспен қарайтындығын көрсетті. Мұғалімдер осы ақпаратты оның білімділік мүмкіндігін өзгерту үшін пайдаланды және бұл оның сыныптағы пәндерге қызығушылығын, өз ортасына құштарлығын жоғарылатып, сонымен қатар идеяларының дербестігін арттырды.

  • үшінші жобада мұғалімдер дарынды және талантты балаларды айқындауға ата-аналарды тарту мүмкіндіктерін анықтау міндетін қойды. Олар қандай әдістердің көмегімен балалардың ерекше таланты мен жеке қызығушылықтарын анықтағанын түсіндірді. Олар ата-аналармен ақыл-ой қабілеттері туралы әңгімелесіп, ата-аналардың қарапайым сауалнама толтыруын өтінді. Ата-аналар мен мұғалімнің кездесуінде бұл сауалнама олардың балаларының мінез- құлқынан келтірілген мысалдарды, үйде және мектепте ойнайтын ойындарды талдауға негіз болды, бұл ересектерге бала өзін «ақылды» етіп көрсеткен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ дамудың келесі кезеңіне өтуге шешім қабылдауға көмектеседі.

    Мұғалімдер жүзеге асырған бұл жобалар «Дарынды және талантты балаларды бірінші негізгі кезеңде тәрбиелеу» деген жұмыста жарияланды (Koshy et al, 2006).
    Баланың алға басуын академиялық үлгерімнің қорытындысы бойынша, сондай-ақ олардың дарынын бейнелейтін портфолиосы бойынша ресми түрде белгілеуге болады. Бірақ зияткерлік тұрғыдан дарынды балалардың кейде өздерін көрсете алмайтынына немесе өздерінің ойла- рын жинақтау үшін әдеттегі уақыттан көбірек уақыт қажет ететіне мысалдар да бар. Кейбір балалардың әдеттегі білім алу ортасында көрсете алмайтын ерекше әлеуметтік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері болады. Дарынның санқырлы болатынын мұғалімдердің есіне түсіру үшін «өте әсершіл, өз пікірін білдіреді» немесе «өзіндік әзілі бар» екенін көрсететін мінез-құлықтар сипатын айқындайтын сауалнама құрастырылды.
    Орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін. Арнайы пәндер бойынша қабілеттері мықты болу мүмкін. Британияның география қауымдастығы «күрделі үдерістерді түсіну, физикалық және адамдық ортаның арасындағы өзара байланыс» сияқты мамандандырылған ерекше пәндік салаларды да, сондай-ақ сенімді қарым-қатынасқа түсу, шығармашылық және ойлаудағы бірегейлік, басқа адамдармен қарым-қатынас орната білу сияқты қасиеттерді қамтитын бақылау парағын құрастырды. Толық бақылау парағын web-сайттан көруге болады.
    Фриман (1998) тексеру парақтары мұғалімдерді шатастырып, дарынды, талантты бала- ларды анықтау барысында қате бағыт беретіні жайында зерттеулерден мысал келтіреді. Бірақ тексеру парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады, олар төменде көрсетілген (Montgomery, 1996; Freeman, 1991):
  • 1   2   3   4   5   6




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет