икемділік: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, олар оқуда және пробламаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;
күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады;
шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырландыра алады;
(Freeman, 1998).
Осы белгілерді анықтау оқу үдерісінің барысында оқушыларды мұқият бақылауға алуды талап етеді және олар жоғарыда айтылған зерттеулердің мысалдарымен тығыз байланысты.
Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым «күрделі», «ынталандыратын» тапсырмалар қажет деген пікір қалыптасқан. Эйр (2001) Выготский мен Катцтың еңбектерінен дәйексөз келтіре отырып, теория мен зерттеулерді табиғатты зерттейтін «міндеттер» ретінде қарастырады. Міндет қоя отырып жұмыс істеу оқушыларды жайлылық аймағынан аздап шығатын деңгейде жұмыс істеуге міндеттейді. Ол, Выготский бойынша, тым күрделі жұмыс балаларға орындалмайтын, ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдейтін «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр теорияның осы бөлігін пайдалана отырып, дарынды балаларға арналған оқу жоспарына өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынысында ол жоспарда жоғары деңгейлі ойлау, біліктілігін дамыту және пробле- маларды шешу дағдылары қамтылуы керектігін айтады.