Шыңғыс ханды «бізге азаттық әкелуші» деп жариялау – барып тұрған әділетсіздік әрі біздің әлі жеке ұлт боп ұйымаған дәуірімізге баға берушілік, нығыздап айтсақ, сауатсыздық дер едік.» – дейді. «Шыңғыс ханның арғы тегі қият, ал қият пен қыпшақ бірге туысады. Негізінен, батыс пен орыс зерттеушілері Шыңғыс ханның бізге туыс екенін жасыруға тырысты ғой. Тіпті, түркі дегенді айтқызбай, оны моңғол деп атады. Артында Алтын Орда деген мемлекет қалды. Ол – қыпшақ мемлекеті еді... ал енді әлгі «Отырардың күйреуіне» қайтып келсек, оны экраннан алып тастайтын кез жетті. Ол ешқандай патриоттық рух бермейді, қайта оқушыны шатастырады» .
Қалай болған күнде де, Шыңғыс хан аңыз арқылы әдебиетімізге келген, орын алған. Енді заманауи ауқымды шығармалар арқылы көркем әдебиеттің төріне шығады. Аңыз ақиқатқа айналады. Сөзімізді Мағжанның сөзімен түйіндейік: «Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер, Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер. Шыңғыстай данышпанның құр аты да, Адамның жүрегіне жігер берер

Ұсыныс:
- Әбіш ағамыздың шығармалары арасынан қазақтың сол замандағы тіршілігі туралы мәліметтер топтастырылса;
- «Ханша Дария» романы мектеп бағдарламасына енгізілсе