ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН
«А Ә Б В»
Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В
әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген
карточкалардың жинағын
дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз,
оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін
карточкаларын көрсетуі
керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын
өтініңіз.
1-қадам. А
сұхбаттайды Б тыңдайды, В сұхбаттайды Г
тыңдайды;. 2-қадам керісінше. 3-қадам
әр оқушы өз жұбы туралы
ақпаратпен төрт адамдық топта бөліседі.
«А,В,С»
А - сұрақ қояды.
В - жауап береді.
С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В –
жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады.
Бақылаушы қажетті
жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді.
Ұсыныс, тілектерін айтады.
«Айдаһар»
Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен
ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы»,
соңындағы оқушы
«құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек.