Талдықорған 2018 Әдіс-тәсілдер тізбесі



Pdf көрінісі
бет32/155
Дата08.02.2022
өлшемі1,69 Mb.
#118207
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   155
Байланысты:
249 әдіс тәсіл pdf

 «Броундық қозғалыс» 
 
Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар 
орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, 
берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды. 
 
«Бұл кім?» 
 
Жүргізуші ( мұғалім немесе әдейі дайындалған оқушы) 
сыныптағы бір оқушыны ауызша сипаттайды: оның бет әлпетін
сыртқы пішінін, киімін, сөйлеу мәнерін, әдеттерін т.б.келтіреді. Әрине, 
ол оқушының есімін атауға болмайды және де сипаттардың барлығы 
да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушыны мақтаған дұрыс. 
Бір-екі сипаттан кейін жүргізуші оқушылардан: «Бұл кім? 
Сіздер таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдайды. 
Оқушылар таппаса, сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді. 
Мысалы, «Бұл оқушының күлкісі өте әдемі. Ол ақ жейде 
киген...Ол кім?... Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды. Оның қолында 
қаламсап бар... Ол кім?...». 
Бұл ойсергек оқушылардың бір-біріне деген ынта-
ықыластарын арттыруға бағытталған: оқушылар өздері және өзге 
жолдастары туралы әңгімелерді өте ұнатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет