Талипова Эльмира Ермонтайқызы


-сыныпқа арналған «Сөз шеберлігі» арнайы курсы бойынша өткізілген сабақтың жоспары



бет2/6
Дата12.08.2022
өлшемі425,89 Kb.
#148052
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Талипова Э.Е мақала

8-сыныпқа арналған «Сөз шеберлігі» арнайы курсы бойынша өткізілген сабақтың жоспары.
Тақырыбы: Тілдің кемелдігі-ойдың тереңдігі.
Сабақтың мақсаты:оқушыларға қазақ ауыз әдебиетінде жатқан тілдік тереңдіктегі өмірлік, тәрбиелік философияны таныту.
Күтілетін нәтиже: оқушылар халық ауыз әдебиетінің үлгілерімен танысады, талдайды, зерттейді; тілдегі тәрбиенің мәнін, өмірдегі орнын анықтайды; мәдениетіміздегі философияның бүгінгі ғылыммен байланысын талдайды; ұлттық философиядағы ғылыми негізді таниды, сол арқылы халқымыздың даналығына көз жеткізеді.
Сабақ барысы: Психологиялық ахуал қалыптастыру. Ұлттық әшекей-«білезікті» пайдаланып, бір-біріне білезік тағумен бірге изгі тілек білдіреді. Білезікте «Әрқашан....» деп басталатын сөзді әр бала өз ойымен дамытады. Мысалы, «Әрқашан позитивті бол!» «Әрқашан жолың болсын!»
Оқушылар қима қағаздарда берілген ұлттық киімдер арқылы топтасады.
1.Батырдың жарақтары (дулыға, қалқан, шоқпар, найза, сауыт, тоқым)
2. Қыздың киімі (бүрмелі көйлек, камзол, мәсі, шолпы, сақина, білезік).
3.Бас киімдер (тақия, бөрік, тымақ, кимешек, орамал, сәукеле)
Таратылған қима қағаздардағы суреттерге байланысты топтасады. Әр топ өз заттарының аттарын атап шығып, топтың ортақ атын анықтайды.
?! Оқушылармен әңгімелесу арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады. Тақырып: адамның тілінің кемелдігі ой тереңдігіне жеткізеді, сондықтан әрқайсымыз өз тілімізді дамытуға әрқашан бейім болсақ, құштар болсақ, сол арқылы ойымызды да дамытамыз.
3 топқа 3 түрлі тапсырма беріледі. Тапсырмаларды әр топ өздері кездейсоқ таңдап алады.
1-тапсырма. Ұлттық дәстүрлер.
Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен үзінді.
«...Қазақ жаз жайлауда, қыс қыстауда көшіп-қонып өмір сүріп жүрген кез екен. Бір ауылдың келіні суға бара жатып күтпеген оқиғаға тап болады. Болған оқиғаны тез арада хабарлау үшін үйіне келіп, күйеуіне былай деген екен:
«Сарқыраманың бер жағында, сылдыраманың ар жағында, маңыраманы ұлыма сүйреп әкетті. Қынамаңды жанамаңа жанап-жанап алып бар».


1.Берілген үзіндіден жасырын сөздердің тура мағынасын анықтаңыздар.
2.Бұл түсініктің шығу тарихына шолу жасап көріңіздерші.
3. Осы түсініктің тәрбиелік мәнінде тереңдік бар ма?Қалай ойлайсыз?
3.Бұл ұғым тіл білімінде қалай аталады?Ғылыммен байланыстырылған болжам жасаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет