Талипова Эльмира Ермонтайқызы


«Төрт құбыла» стратегиясын пайдаланып, тапсырманы орындаңыздар. С-солтүстік, О- оңтүстік, Ш-шығыс, Б-батыс



бет3/6
Дата12.08.2022
өлшемі425,89 Kb.
#148052
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Талипова Э.Е мақала

«Төрт құбыла» стратегиясын пайдаланып, тапсырманы орындаңыздар. С-солтүстік, О- оңтүстік, Ш-шығыс, Б-батыс.
С- сипаттама


Ш-шолу Б-болжам


О-ой тереңдігі
Ықтимал жауап:
С-Сипаттама: Қазақ халқында келін қайын-жұртының атын атамаған, сондықтан бұл үзіндіде келін күйеуінің ағалары мен інілерінің атын атамау үшін басқа сөздерді (табу) пайдаланған. Яғни, сарқырама-Өзенбай, сылдырама-Қамысбек, маңырама-Қойшыбай, ұлыма-Қасқырбай, қынама-Бәкібай, жанама-Қайрақбай.
Б-Болжам: Бұл тіл білімінде табу деп аталады. Ғылыми тұрғыдан қарастырсақ, қазақ даласына Ислам діні енбей тұрып, ата-бабаларымыз тәңірге сиынып, беймәлім табиғаттың күштерінің пірі бар деп есептеген, сол себепті төрт түліктің пірлері, аурулардың иесі бар деп сенген. Жамандықтың атын атау -оны шақыру деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан қасқырға «ұлыма», ауруларға да түрлі ат қойған. Найзағайды «жай» деп атын атамаған. Ата-бабаларымыздың «Жақсы сөз-жарым ырыс» деген мақалы да осы тақырыппен ортақ философияға әкеледі. Бүгінгі таңда психолог ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, адамның түйсігінде қалған ой іске асады, орысша айтқанда «мысли материальны». Сондықтан да аталарымыз адамның ойында жаман ойлардың, ұғымдардың қоныстанбауын қарастырғанына көз жеткіземіз. Психологтардың ғылыми жаңалығын ата-бабаларымыз сонау ерте кезден-ақ білген.Әрқашан жақсы сөз сөйлеуге, жақсылыққа сенуге, жақсылықты айтуға тәрбиелеген.
О- Ой тереңдігі: Келіннің қайын-жұртын атамауының астарында-сыйластық тәрбиесі жатыр. Қазақ халқында үлкен адамдардың атын атамаған, көке, жеңге, тәте, апай, әпке, аға, жезде, нағашы, т.б. деген сияқты әр туыстың өзінің арнайы атауы бар. Ал орыс халқын алсақ, орыс халқында үлкен кісілерді әкесінің атымен атау дәстүрі бар. Ал қазақтың келіндері күйеуінің үлкен қайын-жұртымен қоса, өзінен кіші адамдардың да атын атамаған. Қайын сіңлісіне, інісіне «Еркем» «Кенжем» сияқты еркелетіп атайтын есімдер тауып қойған.
Ш-Шолу: Табиғатта барлық нәрсенің пірі бар деген түсінік тотемдік дәуірде қалыптасқан. Бұл - Ислам дінінен бұрын қалыптасқан сенім.Оттың, судың, тілдің қасиеттілігіне сеніп, олармен жын-сайтанды, қара күштерді, ауруды қуған. Қазіргі таңда ғалымдардың айтуына сүйенсек, ішкі сенім арқылы ауруды жеңуге болады, медецинада «Плацебо» деген термин арқылы түсіндіріледі. Жақсылыққа сену арқылы соған жетуге болады. Ал біздің аталарымыз дәл осы принципті пайдаланғаны сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет