Талипова Эльмира Ермонтайқызы



бет1/6
Дата12.08.2022
өлшемі425,89 Kb.
#148052
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Талипова Э.Е мақала


Талипова Эльмира Ермонтайқызы
Павлодар қ. №17 Жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейінді мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Педагогикалық шеберлік орталығы Павлодар қаласы филиалының тренері


Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды танытудың тиімді әдіс-тәсілдері
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында орта білім мазмұнын жаңарту мақсатында оқу бағдарламасы материалдары тиянақты таңдалып ұсынылуда. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша да бағдарлама материалдарында көп өзгерістер енгізілген. Жаңартылған білім мазмұны бойынша әр бөлімнің мақсаттары нақты беріліп, белгілі жүйеге енгізілген. Солардың ішінде оқушының бойында ұлттық құндылықтарымыздың қадірін түсінуді, тануды қалыптастыр-өте маңызды мақсаттардың бірі.
Мен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде халқымызды ғасырлар бойында адалдықтан адастырмай, адамдықтың адал жолымен алып келген ұлттық тәрбие мен халық ауыз әдебиетін жас ұрпаққа танытып, қадір-қасиетін меңгертуді басты міндеттерімнің бірі деп ойлаймын. Тамырсыз еш нәрсенің көктемейтіні аян, десек те бүгінгі жас ұрпақ халқымыздың өткеніндегі жатқан ұлылықтан гөрі қазіргі заманның артықшылығын меңгеруге ден қоюда. Әрине, әлемнің алпауыт мемлекеттерінен кенже қалып қоймау үшін, үлкен де, кіші де техника мен цифрлық сауаттылықты жоғары деңгейде меңгеруі міндетті. Қазіргі таңда өскелең ұрпақтың өнерлі де талантты, білімді де білікті болғаны аға ұрпақтың көңіліне қуаныш ұялатады. Жастарымыздың жан-жақты дамып, әлем мойындайтын, елінің патриоты, адамзат үшін қызмет ететін адам болып қалыптасуына елімізде барынша мүмкіндіктер жасалап жатыр. Бүгінгі күннің қажетті білімін меңгеруімен қатар халқының даналығынан сусындап өскен баланың рухы биік болатынын да ұмытпағанымыз жөн. Болашақта елдің рухы биік болуы үшін, өсіп келе жатқан ұрпағымыздың рухын биік етіп тәрбиелеуіміз қажет. Ұлтын, халқын сүю дегенде, жалаң сөзбен емес, халқымыздың даналағын танып, оның тереңіне бойлап, оның қажеттілігін сезіне алу. Мәселе - балаларға сол еліміздің тілі мен дәстүрінде, тарихы мен тұрмысында жатқан ұлылықты таза күйінде танытудың тиімді жолдарын табу. Мектепте бұл міндетті орындау тек қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ғана емес, өзге де пәндер аясында жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар арнайы курстарға берілген сағаттарды да осы мақсатта қолдану тиімді. «Сөз шеберлігі» деп аталатын авторлық бағдарлама оқушылардың сөз табиғатын терең түсініп, сөз тереңі арқылы ой тереңіне бойлауын мақсат тұтады. Сөздің құдіретін түсіну арқылы оның мүмкіндіктерін өмірде қолдану, сол арқылы тілімізге деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. «Сөз шеберлігі» курсын жүргізудің тиімді әрі жаңашыл әдіс-тәсілдерін ұсынамын. Қазіргі білім берудің артықшылығы-оқушыларға дайын ақпаратты беру емес, себебі ақпарат алу қазіргі кезде мәселе емес, кез келген ақпаратты табу оңай. Басты міндет - баланың сын тұрғысынан ойлап, өздігінен талдау жасап, ақпараттың қажеттісін алып, өмірде тиімді пайдалана білуін қалыптастыру.Сондықтан талдау, жинақтау, бағалауға арналған тапсырмаларды орынды әрі мақсатқа сай құрастыру маңызды. Бір сабақ аясында бірнеше мақсатты бір тапсырманың бойында тоғыстыра білу-үлкен ізденіс пен уақытты талап етеді. Мысалы, осы курсты жүргізу барысында бірнеше стратегиялар құрастырылды. Тәжірибеде тиімділігіне көз жеткізгендіктен бөлісуді жөн көрдім. Атап айтсам, «Шаңырақ», «Төрт құбыла», «Бәйтерек» деп аталады. Берілген тәсілдер ой әрекетінің Блум таксономиясындағы барлық сатыларын қамтиды. Оушыларға негізінен салыстыру, анықтау, талдау, жинақтау, таңдау, қорытынды шығаруға бағытталған тапсырмалар ұсынылды. Тапсымалар оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға көп мүмкіндік береді. Ойларын жүйеге салып, бірізді жеткізуге, жиналған мәліметтердің ішінен маңыздысын алуға дағдыландырады. Сонымен қатар барлық тапсырмаларда халық аузындағы тілдік көркемдегіштерді қолдану, көркем әдебиеттен негіздеме келтіру міндеттелген. Сондықтан ұсынылған тапсырмалар қажетке жарайды деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет