Талипова Эльмира Ермонтайқызы



бет4/6
Дата12.08.2022
өлшемі425,89 Kb.
#148052
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Талипова Э.Е мақала

2-топ. Тапсырма: Халқымыздың түсінігінде ерекше орын алатын мына ұғымдардың маңызы мен қызметі, қажеттілігі жөнінде әңгімелеңіздер. Тапсырманы орындау үшін «Шаңырақ» бейнесіне жауаптарыңызды берілген жүйе бойынша орналастырып көріңіз.
От, бесік, қамшы, ақ (сүт)
1-ұяшық: Бұл ұғымдардың қазақ тұрмыс-тіршілігіндегі мән-мағынасын тіл оралымдары арқылы суреттеп көріңіздер (мақал-мәтел, тұрмыс-салт жырлары, тұрақты тіркес, тілдік көркемдік құралдарды пайдаланып т.б.).
2-ұяшық: Берілген ұғымдарды қазақ халқының ұлттық таным-түсінігінде қалыптасқан наным-сенімдермен байланыстырып көріңіздер.
3-ұяшық: Бұл түсініктің астарын халық философиясындағы ақиқатты ғылыми тұрғыдан қарастырыңыздар.


3. 1.
2. 2.





  1. сүт бесік
    қамшы от

    3.




  1. 1.

3.
2. 2.
1. 3.
Ықтимал жауап:
1-ұяшық: Көркем тілмен мән-мағынасын суреттеу. Бесік-баланың қасиетті, киелі төсегі. Бесік көшпелі өмір салтына өте қолайлы, себебі жол үстінде балаға суық тиюден, өзге де қауіп-қатерден қорғаныш болатын орын. Бесікке жатқан баланың жөргегі таза болғандықтан, гигиена сақталады. Аяқ-қолы ербеңдеп өзін-өзі оятпайды, жақсы ұйықтайды.Сәбидің омыртқасы түзу қалыптасады. «Ел болам десең-бесігіңді түзе», «Туған жер-алтын бесік» «Тал бесіктен-жер бесікке» «Бесіктен белі шықпаған», «бесік
2-ұяшық: Ұғыммен қалыптасқан наным-сенімдер. Бесік-киелі, сондықтан саудаласпай сатып алады. Бос бесікті тербетпейді, бос бесікке ақ жауып қояды. Бала жатқан бесікті аяқпен тербетпейді, бесікті далаға тастамайды.
3-ұяшық: Халық философиясындағы ғылыми негіз. Бесік-өмір жалғастығының символы. Қазақ халқы адамзаттың өмірдегі басты миссиясын ерте замандардан білгендіктен, ұрпақ жалғастығына аса мән берген. Қазақ үшін-балалы үй базармен, баласыз үй-мазармен тең. Ұлын ертерек үйлендіруді, қызын ертерек ұзатуын мақсат тұтқан. Әр адамның отбасын құрып, балалы болуы қажеттігін, отбасы-ең басты құндылық екенін әр балаға кішкентай кезінен құлағына құйып тәрбиелеген. Қазақ баланы санамаған, баланың көп болғанын қалаған.
1-ұяшық: Көркем тілмен мән-мағынасын суреттеу. Қамшы-ұстаса сұс көрсетер қару, қуса мал айдайтын құрал, үйде тұрса, күзетші. Ер адамдар қамшының жасалу ерекшелігіне байланысты өз жасы мен мәртебесіне қарай лайықтысын ұстаған. «Қамшының сабындай», «Арық малға қамшы ауыр тиеді».
2-ұяшық: Қамшы-киелі зат. Жақсылық пен берекені ұстап, қара ниетті табалдырық-тан аттатпайтын күш. Қамшымен мал айдайды, жерді соқпайды, себебі қам-шымен жер соғу-жұт шақырады деген сенім болған. Жұт болса мал қырылып, малдың орнына қамшымен жер соғып қаласың деген түсінік болған.
3-ұяшық: Мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз үшін төрт түлік малдың орны бір бөлек. Төрт түліктің пірі бар деп есептеген халық малды теппеген, ерекше көңіл бөлген, бұл - тотемдік дәуірден келе жатқан түсінік. Малды айдайтын арнайы құрал - қамшыны жасап шығарған. Қамшыда жын-сайтанды қуатын ерекше күш бар деп сенген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет