Талипова Эльмира Ермонтайқызы


-ұяшық: Көркем тілмен мән-мағынасын суреттеу. От



бет5/6
Дата12.08.2022
өлшемі425,89 Kb.
#148052
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Талипова Э.Е мақала

1-ұяшық: Көркем тілмен мән-мағынасын суреттеу. От-тіршіліктің көзі. Қазақ халқының танымында оттың мағынасы тереңде жатыр. Оттан жылу мен жарық тарайды, адамзаттың өмірінде бұл екі құбылыс-өмірдің көзі. Жер бетінде ең алғаш тіршіліктің өзі жылу мен жарықтың негізінде пайда болған. Халқымыз «отың өшпесін», «көзінің оты бар, болатын бала» «оты түзу жанған» деген отпен байланысты түсініктер көп.
2-ұяшық:.Отқа байланысты халқымызда наным-сенімдер көп, олардың бәрі оттың қасиетіне байланысты туған. Оттың жылуы мен жарығында ерекше күш бар деп сенгендіктен, отпен бесікті аластау, үйді аластау арқылы тылсым күштерден қорғанып, жын-сайтаннан тазалаған. Жаңа туылған нәресте жатқан жерде қырқынан шығарғанға дейін отты өшірмейді. Кештің түнге ұласар кезінде үйде әрқашан от жағылып тұрады. Үйдің иесі қайтыс болғанда, қайғыны өзгелерге естірту үшін үйдің отын өшірген.
3-ұяшық: От-жылу мен жарық. От-энергия. От-өмір. Адам бойындағы жан - энергия, адамның бойында әрқашан жылу яғни энергия болады. Энергияның күші ерекше, сол энергия арқылы еңбек етіп, бүгінгі жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Сөйлеуге де, тыныс алуға да энергия керек. Қазақ танымында от-киелі.
3-топ. Тапсырма:

  1. Қазақың ХХІ ғасырдағы 7 кереметі деп нені атар едіңіз?

  2. Әр кереметтің артықшылығына негіздемені ауыз әдебиеті үлгілерінен келтіруге тырысып көріңіздер.

  3. Әр таңдаған кереметтеріңіздің бірегейлігіне дәлелдемені тұрақты тіркес, мақал-мәтел, шешендік оралымдарға сүйеніп дәлел келтіріңіз.

  4. Сол жеті кереметті «Бәйтерек» бейнесіне орналастырыңыздар.

Ықтимал жауап:
1-керемет. Халық
2-керемет. Жер
3-керемет. Тәуелсіздігіміз
4-керемет. Тіл
5-керемет. Салт-дәстүрлеріміз, ұлттық танымымыз
6-керемет. Жарқын болашағымыз
7-керемет. Тарихымыз



Жапырағы-болашағымыз
Бұтақтары-халық
Діңгегі – жер, тәуелсіздік


Тамыры-тіл,тарих,
салт-дәстүріміз

Бұл кереметтердің орналасуындағы заңдылық. Халқымыздың сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан тарихы мен тілін, салт-дәстүрін Бәйтеректің тамырына орналастырдық. Тіліміз бен тарихымыз болмаса, еліміздің елдігі, ұлтымыздың ұлылығы жоғалар еді. Халқымыздың ғасырлар бойы жиған-терген рухани байлығы тілі мен тарихында жатыр. Ал салт-дәстүрлеріміз еліміздің іргесінің бұзылмауына негіз болып, тәрбие мен тәлімді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастарып келе жатқан асыл байлығымыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет