Пиязды көкөністердің сапасына қойылатын талаптар. Балғын басты пияз сапасына қарай екі тауарлық сортқа бөлінеді: Жай және іріктелген. Пияздар жетілген, аурулармен зақымданбаған, таза, бүтін, өніп кетпеген, түсі мен пішіні ботаникалық сортына сәйкес болу керек. Сыртқы қабағы жақсы кепкен, мойны кепкен және 5 см аспау керек. Пияздың өлшемі ең үлкен көлденең диаметрі бойынша анықталады және іріктелген сорты үшін 4-5 см, жай сорт үшін 3-4 см болу керек.
Шіріген, буланған, сабақты нематодпен және кенелермен зақымданған пияздардың болуы рұксат етілмейді.
Көк пияз, Порей-пияз және батун-пияз балғын және ұзындығы 20-25 см жасыл жапырағы болу керек. Құрамында 2 солып қалған, сарғайған және лас пияз рұқсат етіледі.
29. Тақырып Жемістер
Дәріс жоспары:
Жемістердің жіктелуі.
Тұқымды жемістілер.
Сүйекті жемістілер.
Жидектер
Өңделген жемістер мен көкөністер
Жер жүзінде 32 тұқымдасқа жататын 200-ден астам түрлері бар. Негізгі жемісті дақылдарға алма, алмұрт, шие, алхоры, мендаль, өрік, шабдалы, бүлдірген, құрма, жанжабіл, анар т.б. жатады. Жеміс - ас құнды, тағамдық өнім. Оның кұрамында тез қорытылатын көмірсулар, органикалық қышқылдар, С витамині, минералды тұздар, пектинді, тұтқырлы, бояушы, хош иіс беретін организмге пайдалы заттар болады. Олардың мөлшері жемістің түрлеріне байланысты өзгеріп отырады. Жемістерді ұзақ мерзімге сақтау үшін оларды консервілеу немесе кептіру қажет. Кептірілген жемістерді жеміс қағы деп атайды. Бұларды кептіру табиғи жолмен күн көзі немесе жылы ауамен өңдеу арқылы жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |