«Тамақ өнімдері өндірісінің технологиясы» (2)


Орамжапырақ көкөністердің аурулары



бет74/94
Дата08.02.2022
өлшемі432,13 Kb.
#98787
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   94
Байланысты:
acbcd762-3e56-11e4-8251-f6d299da70eeТамақ өнімдері өндірісі-ң тех-сы

Орамжапырақ көкөністердің аурулары. Орамжапырақ көбінесе сұр және ақ шірікпен, тамырлы бактериозбен, нүктелі некрозбен зақымданады, сонымен қатар өсу кезінде құртпен зақымданады.
Сұр және ақ шірік саңыраукұлақ әсерінен туындайды, нәтижесінде жапырақтар шырыштанып, бетінен сұр немесе ақ мамық пайда болады.
Тамырлы бактериоз кезінде жапырақтарда қара дақ пайда болады, ауру асқынған сайын дақтар ұлғаяды, ал жапырақтар сарғайып кебе бастайды.
Нүктелі некроз кезінде жапырақ бетінде сұр немесе қара майда дақтар пайда болады.
Пиязды көкөністер
Пиязды көкөністерге басты пияз, көк пияз, порей пиязы, шалот пиязы, батун пиязы, сарымсақ жатады. Пияз - лалагүл тұқымдасына жататын бір жылдық не көп жылдық шөптесін өсімдік тумасы. Жапырағы шырынды, іші қуыс. Сабағы - қысқарған сабақ. Гүлі ұсақ, қос жынысты, түсі ақ, күлгін, қызғылт, сары. Жемісі - үш қырлы, үш ұялы қорапша. Тұқымы қара, қатты қабығы. Пиязшығының құрамында 2,4-14% кант, 2-13,9 мг С витамині, 12-16,2 мг эфир майы, жапырағында 25-47,7 мг С витамині және 1,3-5,9 мг каротин бар. Құрамындағы эфир майлары мен гликозиттер пиязды көкөністерге өткір дәм мен аромат береді, тәбетті ашып тағамның сіңімділігін жоғарлатады. Құрамында фитонцидтер болғандықтан, бактериоциттік қасиетке ие. Пиязды жастай, пісіріп, қуыру, консервілеу, кептіріп тағамға салады, дәрі жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет